Жылу қарашадан бастап беріледі

179

Шымкентте жылу маусымы қарашаның бірінші жұлдызынан басталады. Таяуда қала әкімі осындай үкімге қол қойды. Айта кету керек, Шымкенттегі ұзын-саны 1781 көпқабатты үй орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған.

 Қазірдің өзінде «Теріскей» шағынауданындағы біраз үйлерге жылу қосылып жатыр. Ал негізінен, бірінші кезекте бюджеттік мекемелер, аурухана және балабақшаларды жылуға қосамыз дейді мамандар. Ал жеке қазандығы бар білім ошақтары ауа райына байланысты білім бөлімінің келісімімен жылытуды бастай беруі тиіс.