Адам ұрлап, ақша бопсалаушылар ұсталды

408

Оңтүстік Қазақстан облысының полиция қызметкерлері адам ұрлаумен және ақша бопсалаумен айналысып келген қылмыстық топты құрықтады. Ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасына Сарыағаш ауданының 22 жастағы тұрғыны шағымданып келіп, белгісіз біреулердің күш қолданып, қорқыту арқылы «Опель Вектра» және «БМВ» көліктерін алып кеткенін айтқан.

Қарақшылар мұнымен қоймай, жәбірленушінің өзін Шымкентке әкеліп, бірнеше күн бойы қамап ұстаған. Сөйтіп, туыстарынан 20 мың АҚШ долларын талап етіпті. Жақындары талап етілген ақшаны тауып берген соң босатыпты. Ал ол дереу тәртіп сақшыларына хабар берген.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=qa-YReg40JU[/youtube]

Арада екі ай өткенде ОҚО ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері «Арлан» арнайы жасағының сарбаздарымен бірге сәтті операция жүргізді. Мақтаарал ауданында, Алматы-Термез бағытындағы тасжолдың үстінде «Мерседес-бенц» көлігі тоқтатылады. Оның ішінен 25 және 23 жастағы екі жігіт қолға түсті. Олардан оқтары бар шолақ мылтық, «Маузер» тапаншасы мен есірткі заты салынған қалта тәркіленіп алынған. Арада бірнеше күн өткенде тәртіп сақшылары Шымкентте 27,26,25 және21 жастағы Шымкент, Ордабасы және Шардара аудандарының тұрғындарын қолға түсірді. Олардың бірқатары бұған дейін сотты болған.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=4vEfrZjMTBY[/youtube]

Қазіргі таңда бұл қылмыстық топтың үстінен бірнеше бапқа сәйкес қылмыстық іс қозғалған. Тергеу амалдары жалғасуда.