Балалар футболынан биылғы маусым Шым қалада қорытындыланды (фоторепортаж)

299

Шымкенттің «Локомотив» стадионы желтоқсанның біріне жабылады. Алаң демалып, көктемге дейін шөптің өсуіне стадион қожайындары ықпал жасайды. Жөндеу жұмыстары да жүргізіледі. Сол себепті көктемге дейін бұл стадионда жарыс өтпейді.

Ал 1999 жылы дүниеге келген футболшылар арасындағы Республикалық турнир биылдыққа соңғы дода.  Жарыс барысында сегіз команданың аяқдопшылары бес күн бойында ептілерді анықтады. Нәтижесінде, облыстық футбол мектебінің шәкірттері ақтық сында қызылордалықтардан басым болды. Алтын медаль оңтүстік  қоржынына салынды. Алғашқы үштікті Бекзат Саттарханов атындағы дарынды балаларға арналған спорт интернатының футболшылары қорытындылады.

Биылғы маусымның соңғы турнирінің бас жүлдесіне Қызылордамен Шымкенттің аяқдопшылары таласты
Биылғы маусымның соңғы турнирінің бас жүлдесіне Қызылордамен Шымкенттің аяқдопшылары таласты

 

Ойынның негізгі уақытына тағы 30 минут қосымша уақыт берілді. Алайда, шешуші гол соңғы минуттарда ғана салынды
Ойынның негізгі уақытына тағы 30 минут қосымша уақыт берілді. Алайда, шешуші гол соңғы минуттарда ғана салынды

 

Матчтың алғашқы 90 минутында қос командада қақпаға гол соға алмады
Матчтың алғашқы 90 минутында қос команда да қақпаға гол соға алмады
Қызылордалық қақпашының ақтық ойында жүйкесі әбден тозды. Шымкенттіктердің шабуылдарынан қақпаны аман сақтап қалу оңай болмады.
Қызылордалық қақпашының ақтық ойында жүйкесі әбден тозды. Шымкенттіктердің шабуылдарынан қақпаны аман сақтап қалу оңай болмады.
Турнирдің алтын медалі облыстық футбол мектебіне бұйырды
Турнирдің алтын медалі облыстық футбол мектебіне бұйырды

 

Қызылордалық №1 футболшы қақпаны годан бірнеше рет сақтап қалды. Дегенмен оңтүстіктің аяқдопшылары ептілеу екенін дәлелдей түсті
Қызылордалық №1 футболшы қақпаны голдан бірнеше рет сақтап қалды. Дегенмен Оңтүстіктің аяқдопшылары ептілеу екенін дәлелдей түсті
Қола медаль иелері
Қола медаль иелері