Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында – жаңа басшы

938
Бауыржан Омарбеков КҚКО-ның директоры болып тағайындалды

 Облыстық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында ауыс-түйіс орын алды. Осы мекеменің жаңа директоры болып Бауыржан Омарбеков тағайындалды.

 Бауыржан Бақытұлы 1983 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша тәмамдаған. Үйленген, 2 баланың әкесі.

 Жаңа басшы еңбек жолын 2005 жылы жекеменшік банктердің бірінде менеджер болып бастаған. 2013 жылдың сәуір айынан бүгінге дейін «Альянс Банк» АҚ-ның Шымкент қаласындағы филиалы директорының орынбасары қызметін атқарып келген.

Бауыржан  Омарбеков КҚКО-ның директоры болып тағайындалды
Жаңа директор – Бауыржан Омарбеков

Ал осыған дейін аталмыш мекемеге басшылық етіп келген Нұржан Әлтаев Бауыржанұлы енді облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры қызметіне тағайындалды.