Қаламызда түнгі кітапхана бар

Түнгі кітапхана кешкі сағат 18:00-21:00 аралығында жұмыс жасайды
Түнгі кітапхана кешкі сағат 18:00-21:00 аралығында жұмыс жасайды
Түнгі кітапхана кешкі сағат 18:00-21:00 аралығында жұмыс жасайды

Енді шымкенттіктер үшін түнгі кітапхана жұмыс істейтін болады. Соны бастаманы облыстық жасөспірімдер кітапханасының ұжымы қолға алды.

Кешкі сағат 18:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істейтін кітапхана аптаның дүйсенбі күнінде қызмет ететін болады. Бір айға жалғасатын акция оң нәтижесін беріп, іші оқырмандарға толса, түнгі кітапхана одан әрі де қызметін жалғастыра береді деп күтілуде.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама жұмыстан қолы босамай, кітап оқуға уақыт жеткізе алмай жүргендер үшін тиімді болмақ. Түнгі клубтың орнына түнгі кітапханада рухани азық алса, олар үшін осы пайда деген тұжырымға келіпті.

Құрал Көмек, идея авторы: «Рухани азғындық – ең қауіпті нәрсе. Біз, көбінесе, өмірдің материалдық жағын ойлаймыз да рухани байлықты ұмыт қалдырамыз. Ал енді соны кім ойлау керек? Неге кітапханада күндізгі уақытта ғана отыруға болады? Руханият деген мәңгі жүруі керек. Жастарымыздың көпшілігі түнгі клубқа барады деуден аулақпыз. Ауылдан келген жастар да бар. Сондықтан біз осыны ойлай келе түнгі кітапхананы ұйымдастырдық. Әзірге игі істі облыстық жасөспірімдер кітапханасы бастап отыр. Соны идеямыз өзге де кітапханаларға үлгі болады деген сенім бар.»

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Swwb_Oflbqs[/youtube]

Ұйымдастырушылар жаңалықты жүзеге асырмас бұрын түрлі жастағы отандастарымыздың пікірін тыңдапты. Нәтижесінде сұрау салынған азаматтардың 80 пайызы бұл ойды құптаған.