Тал түсте КамАЗ аударылды (видео)

333

Шымкентте жүк көлігі жол апатына ұшырады. Қаладағы теміржол вокзалы маңындағы айналма жолда КамАЗ жүк көлігі аударылып кеткен. Бұл оқиға түс ауа, шамамен сағат 16-дан асқанда орын алды.

 

Қапал батыр көшесі жақтан келе жатқан КамАЗ айналма жолдан бұрыла бергенде аударылып кетіпті. Абырой болғанда адамдардың ешқайсысы жарақат алған жоқ. Кабинада жүргізуші мен жас бала болған дейді сол маңдағы адамдар. Құдай сақтағанда, олар дін аман. Ересек кісі көліктің алдыңғы терезесін теуіп, сыртқа шыққан деседі. Оларға дәрігерлердің көмегі қажет болмаған.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=LoJWolXSMmo[/youtube]

Бір айта кетерлігі, көлік құлаған жақтағы жолдың шетінде бірнеше көлік тұрған. Бірақ, тіркеме оларға жетпей құлаған. Көлікке мақта шиті артылған. Алдын ала болжамға сәйкес, көлік иесі бұл жүкті мақта сығу цехына алып бара жатқан болуы мүмкін. Оқиға орнына тағы бір жүк көлігі келіп, адамдар жерге шашылған шитті соған арта бастады.