Тельман бөлімшесінде үй өртенді

443

Таяуда Шымкентте кезекті өрт оқиғасы тіркелді. Тельман бөлімшесінде Сәтбаев көшесіндегі үйлердің бірінен өрт шыққан. Бұл жайында суыт хабар кезекшілерге сағат 8-ден асқанда түсті. Оқиға орнына 5 арнайы топ пен жеке құрамның 25 маманы шұғыл аттанады.

Анық болғандай, үйден шыққан өрт сарайға да өтіп кеткен. Соның салдарынан тілсіз жау қораның ішіндегі 1 тоннаға жуық шөпті де жалмапты. Өрт сөндірушілер шұғыл қимылдап, жалынды сөндіруге кірісті.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=EJf2-mAv8bg[/youtube]

Өрт сөндірушілер тілсіз жауды 40 минуттың ішінде толық ауыздықтады. Абырой болғанда бұл оқиғадан адамдардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Дегенмен, қора-қопты едәуір жанып кетті. қазір өрттің неден шыққанын өрт сөндіру қызметінің анықтаушылар тексеріп жатыр.