Жол апатын жасайтын мас жүргізушілер көбейіп кетті (видео)

333

Тәртіп сақшылары барынша әрекет жасап жатқанымен мас күйінде көлік айдайтындар азамай отыр. Мұндай жүргізушілер тек өздеріне ғана емес, өзгелерге қауіп төндіретіні айтпай-ақ түсінікті. Олар жазаның жеңілдігінен аяқтарын тартпайды. Ендігі үміт қазір талқыланып жатқан мас жүргізушілерге кесілер жазаны қаталдату жөніндегі заңда. Сарапшылар осыдан кейін ғана арақ ішіп алып, көлік басқаратындар азаяр деп үміттенеді.

Таяуда мас жүргізушілердің қатысымен екі жол апаты тіркелді. Бұл – тек түсіру тобының бейнекамерасына жазылғандары ғана. Соның бірі – Шымкенттегі «Қазығұрт» шағынауданы маңында орын алған жол апаты. Мұнда күндізгі сағат 14:30-дар шамасында Опель Вектра және ВАЗ көліктері бетпе-бет соғысып қалды. Соның салдарынан Жигулидің жүргізушісі жарақат алды. Зардап шеккен азаматтың туысының айтуынша, жол апатына Опельдің жүргізушісі кінәлі. Ол спирттік ішімдік ішіп алған дейді жас жігіт.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=1b-Pe2oF1nU[/youtube]

Куәгерлердің айтуынша, ол жүргізуші өзінің әрекетін бірден мойындамаған. Тіпті, оқиға орнынан ізін суытпақ та болыпты. Алайда көлігін айдап кетпек болғанда ВАЗ көлігін тағы да соғады. Сосын көліктен түсіп, қашып кетпек болған. Дегенмен, оны сол маңдағы адамдар ұстап алыпты.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=982ckvFclyQ[/youtube]

Оқиға орнына жол полицейлері де келді. Ал Опельдің жүргізушісі тәртіп сақшысының қасынан шықпай жүр. Қазір осы оқиға бойынша тексеру амалдары жалғасуда.