КамАЗ үйдің қоршауын қиратты

370

Өткен тәулікте Шымкент қаласы бойынша 5 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 5 адам зардап шекті. Осында келеңсіз жағдайдың бірі Қапал батыр көшесінде орын алды. Мұнда күн батқан сәтте КамАздың жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған.

 Соның салдарынан жүк көлігі үйдің қоршауын бұзып кетті. Абырой болғанда көлік жүргізушісі де, үйдің тұрғындары да жарақат алған жоқ. Оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп жетті. Олардың алдын ала болжамынша, жүргізуші мұзда жылдамдығын асырып жіберген немесе рөлді басқарып отырып қалғып кеткен болуы мүмкін.

 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=6QxlSafaKfg[/youtube]

Жүргізушінің өзі бір сөзінде «көзім ілініп кетті» деп қалды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=dRstNpI9RH4[/youtube]

Көлік пен үйдің қоршауы біраз қирады.Енді материалдық шығынды кім өтейтінін сот анықтайтын болады.