Шымкентте Қайрат Түнтековтың концерті өтті

Кей әндерді Қайрат жұппен орындады

«Super Star KZ» байқауының жеңімпазы, жерлесіміз Қайрат Түнтеков Шымкентте концертін өткізді. Әнші өнер жолында жүрген 9 жылдан бергі уақыттағы жеке концертін алыдмен туған қаласында өткізуді ұйғарыпты. «Бұл – жерлестеріме деген құрметім» дейді Қайраттың өзі. Бұл жолғы шоу-концерт екі күнге – 5-ші және 6-желтоқсан күндері өтеді.

Концерт Мұз сарайында ұйымдастырылды
Концерт Мұз сарайында ұйымдастырылды
Кей әндерді Қайрат жұппен орындады
Кей әндерді Қайрат жұппен орындады

Бұл концертте Қайрат өз талантын құрметтеушілердің сүйікті әніне айналған туындыларды шырқады. Оның арасында шет тілде айтылған өлеңдер саны аз емес.

 Қайрат концертін жалғыз өткізген жоқ. Өнердегі әріптестерін қолдап-қуаттау үшін Шымкентке Қазақстанда танымал әншілер мен өнер адамдары келді. Олардың арасында Айқын Төлепберген, Әли Оқапов сынды әншілер мен Айбек Байназаров, Әлжан Нұрлыбек, Нүркен Иманқұлов секілді шоумендер бар. Бұған қоса шымкенттіктерге «Жарайсыңдар, жігіттер! КВН командасы да көтеріңкі көңіл-күй сыйлауға тырысты.

Айқын Төлепберген
Айқын Төлепберген
Әли Оқапов
Әли Оқапов
Көңілді әрі тапқыр жігіттер
Көңілді әрі тапқыр жігіттер

Концертке халық аз жиналған жоқ. Бос орын табу оңай болмады. Соңғы кездері аты жағымсыз жаңалықтарға ілініп жүрген жерлесін сағынған шымкенттіктер Қайрат сахнаға шыққанда ду қол шапалақпен қарсы алды.

Орын таппаған халық концертті тұрып тамашалады
Орын таппаған халық концертті тұрып тамашалады
Шоуға ересектер балаларын да ала келді
Шоуға ересектер балаларын да ала келді

Қайрат Түнтеков концерттен жиналған қаржы толығымен жол апатына ұшыраған қызға төленетінін айтады. Еске сала кетсек, 2012 жылдың 28-желтоқсаны күні әнші жігіт жол апатына ұшырап, басқарып келе жатқан көлігімен Назира Есенамановаға тиесілі Toyota Land Cruiser 100 көлігіне соғысқан еді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=cthn9bdzqAw[/youtube]