Өртенген мешіт жөнделіп жатыр

759
қар мен жаңбыр жауғанша шатыр жабылып бітуі керек

Жаңа жыл түні өртке оранған мешітте қайта жөндеу жұмыстары басталып кетті. Тілсіз жау Амангелді көшесінде орналасқан, көнеден келе жатқан Дәуітұлы Шыңғысбай қажы мешіті мен медресесіне әжептеуір шығын келтірген. Түн ішінде шатырын түгелдей өрт шарпып, медресе ғимараты жанған еді.

Өртке оранған мешіт жөнделіп жатыр
Өртке оранған мешіт жөнделіп жатыр 
Мешіт пен медресенің шатыры жабылуда
Мешіт пен медресенің шатыры жабылуда 
Негізгі жұмыс күн жылығанда жалғасады
Негізгі жұмыс күн жылығанда жалғасады
қар мен жаңбыр жауғанша шатыр жабылып бітуі керек
Кезекті қар мен жаңбыр жауғанша шатыр жабылып бітуі керек

Бүгінгі таңда шығын толықтай есептеліп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Есеп бойынша 6 миллион теңгеден аса шығын келген мешітті жөндеуге жанашыр ел ағалары көмек қолын созыпты. Бұл төтенше жағдайға бей-жай қарай алмаған демеушілер көмектесуде дейді қалалық мешіттің имамы.

Демеушілердің көмегімен қажетті материалдар алынған
Демеушілердің көмегімен қажетті материалдар алынған

Еркебұлан Қарақұлов, А.Қаттани мешітінің имамы: «Мешіттің үсті түгелімен ауыстырылады. Оған қатысты демеушілердің қаржылай көмегімен жұмыстар басталып кетті. Ал өртеніп кеткен негізгі ғимараттың жөндеу жұмыстары жазға қалдырылып отыр. Әлі де облысымыздың бас имамымен ақылдаса жатармыз.»

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=qNS26YqJAaE[/youtube]