«Автонұр» базары жабылуы мүмкін

1133

Шымкенттегі  үш базарды жабу туралы соттың шешімі шыққан. Сауда орындарының  барлығынан дерлік төтенше жағдайлар департаментінің тексерісінен кейін өрескел кемшіліктер анықталған. Оның бірі осы күнде жабық тұр.

 «Жұманов» автокөлік базарының оң жақ бөлігі түбегейлі жабылса, қалған бөлігінің жұмысы өрт сөндірушілер тапқан кемшіліктер жойылғанға дейін уақытша тоқтатылған. Осы тізімнің ішінде «Автонұр» базары да бар. Бұл базардың жұмысын тоқтату төңірегіндегі шешімге тараптар осы күнге дейін дауласып келеді. Қазір базар өкілдерінің талап арызы жоғарғы сотта қаралып жатыр. Соған байланысты «Автонұр» базары жұмысын әлі де жалғастырып отыр.

 

Еркін Отарбаев, ОҚО сот актілерін орындау департаменті басшысының орынбасары: «Автонұр базарына келер болсақ, бұл жөнінде ескерту жасалған. Дегенмен, базар әкімшілігі соттың шешімімен келіспей, Қазақстан Республикасының жоғарғы сотына арызданды. Қазіргі таңда Жоғарғы соттың арнаулы қаулысы шыққан. Соған сәйкес, соттың бір шешімі шыққанша шешімді орындау уақытша тоқтатыла тұрады.»

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=cd1HQBThbdE[/youtube]