Сарыағаштық бес лауазым иесі тәртіптік жазаға тартылды

850

Былтыр күзде Сарыағаш ауданы Жартытөбе ауылы әкімінің аппаратында бас маман лауазымы босап, аудандық әкімдік конкурс жариялайды. Алайда, ол орынға үміткерлер болмай, Қызылорда облысында мемлекеттік қызметке резервте тұрған Ақтөре Шағырбаев шақыртылыпты. Бірақ, ол азаматтың қосалқы тізімдегі мерзімі өтіп кеткен. Мұны қабылдау комиссиясы аңғармай, мемлекеттік қызметке тағайындаған. Енді, міне, тәртіптік кеңестің кезекті отырысында бұл олқылыққа басты кәнілі деп аудандық әкімдік аппаратындағы заң бөлімінің меңгерушісі танылды.

dfdf

Досыбай Шерімқұлов, Тәртіптік кеңес мүшесі: «Сіздің кінәңіз барлығы. «Әкімнің орынбасары, комиссия мүшелері қарайды екен» демей, сіз оның барлығын комиссияға жеткенше анықтауыңыз керек еді. Көп кінә сізде! Заңгерсіз ғой, «мынау заңға қайшы, бұл болмайды» деген әңгімені сіз айтуыңыз керек.»

Ал персоналдық басқару бөлімінің меңгерушісі Тоқтамұрат Балтабаевтың тікелей міндеті – аудан әкіміне қарайтын бөлімдердің және қала, ауылдық округ әкімдерінің аппараттарында мемлекеттік әкімшілік лауазымдардың бос орнына үміткерлерді іріктейтін конкурстардың заң талаптарына сай өткізілуін бақылау.  Балтабаев мырзаның үлкен қателігі үміткерден салық декларациясын талап етпеген.

klk

 Тоқтамұрат Балтабаев, Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының персоналдық басқару бөлімнің меңгерушісі: «Резервте тұрғандар тапсырған салықтың декларациясын талап ету – біздің құзыретімізге жатпайды. Оны біз талап ететін болсақ, ол азамат құқық қорғау органдарына арыз жазатын болса, бізге заңда көрсетілмеген құжаттарды талап етіп жатыр деген айып қоюға толық мүмкіншілік болғандықтан, біз талап еткен жоқпыз.»

Алайда, Сыбайлас жемқорлық туралы заңның 9-бабының 1-тармағында мемлекеттік қызметке үміткер салық декларациясын көрсетуге міндетті делінген. Мұны аудан әкімінің орынбасары Әшірбек Тұрдалин бастаған қабылдау комиссиясы білмей қалуы мүмкін емес дейді тәртіпткі кеңес мүшелері. Сондықтан жаза қатаң!

dsds

 Берік Бекжанов, Тәртіптік кеңес төрағасы: «Әкімнің орынбасары Тұрдалинге қатысты шара жобасы алдарыңызда бар. Сыбайлас жемқорлық туралы заңының 12 бабы 1-тармағы 4-тармақшасында көрсетілген заң бұзушылыққа жол бергені үшін атқаратын қызметінен босатуды сұраған. Менде ұсыныс бар. Сөгіспен шектелсек…»

dfffdd

Серікбай Ерімбетов, ОҚО бойынша ЭҚСЖД бастығы:»Сыбайлас жемқорлық туралы заң бойынша, жауапқа тартылады. Егер оның ісінде қасақана көрсетілген артықшылық мәселелер болса. Әдейі! Нақты мына жерде мен өз басым заңгер ретінде ондай жағдай көріп отырған жоқпын.»

vbvb

Дегенмен, заң алдында барлығы тең деген қағиданы ұстанған кеңес мүшелері Құдайбергеновтың ұсынысын хош көрмей, заңгерлердің пікірін қабылдамады. Сонымен, мемлекеттік қызметке қабылдау комиссиясы мүшелерін айыпты деп танып, Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары, аппарат басшысы, бөлім меңгерушілері мен Жартытөбе аулының әкімі өз қызметінен кетсін деп шешім қабылдап, аудан әкіміне ұсынды. Айта кетейік, бұл шешімді тек сот органы бұза алады.