Шымкентте автобус өртенді

328
Автобустың түгі қалмаған

Бүгін «Қазығұрт» шағынауданында қоғамдық көлік өртке оранды. Жұмысқа асыққан жолаушыларға толы №111 бағыттағы автобус осы шағынаудандағы «Нұр» дүкеніне жетер-жетпес жанып кеткен.

Автобустың түгі қалмаған
Автобустың түгі қалмаған

Таңғы сағат жетіде оқыс оқиғаға тап болған қоғамдық көліктің неліктен өртке оранғаны әзірге белгісіз. Бейресми емес мәліметтерге сенсек, өрт автобустың электр желілерінің тұйықталуынан шыққан болуы мүмкін.

Автобусты эвакуатор алып кетті
Автобусты эвакуатор алып кетті

 

 

Кәуегерлердің айтуынша, жолаушылар зардап шекпепті, барлығы дін-аман автобустан шығып үлгерген деседі. Оқыс оқиғадан жергілікті төтеншеліктер бейхабар болып шықты. Қазіргі таңда өрттен тек қаңқасы ғана қалған қоғамдық көлікті тәртіп сақшылары эвакуатордың көмегімен оқиға орнынан алып кетті.

 

Әзірше зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ
Әзірше зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ