Шымкентте екі күнде бір айлық қар жауды

Шаһарды қардан тазарту жұмысының сапасын анықтау мақсатында түс қайта жергілік билік өкілдері көшелерді аралап шықты. Мамандардың сөзінше, жолдардағы қарды тазалау жұмыстарына қазір техника 3 еселеніп, жұмылдырылып жатыр. Дегенмен, жол жиегіне қойылған көліктер көшені қардан аршып алуға кедергісін тигізуде.

Коммуналшылар

Қар қалыңдаған сайын оны талазайтын техниканың да қарасы көбейді. Көшелерді көліктен арылтып, коммуналшылардың өз жұмысын дұрыстап атқаруына билік те болысып жатыр. Таңертеңнен бері көше тазалығына кедергі келтірген 45 көлік эвакуатормен аластатылыпты. Осылайша қар тазалау жұмысына 3 мекеменің техникалары 11 бағыт бойынша жұмылдырылған. Жауапты мамандардың айтуынша, шаһардағы 127 көше тәулігіне 3 реттен тазартылып жатыр.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=FZyu6Bx9mFY[/youtube]

Нұрсұлтан Әлиев, қалалық ТҮКШ басшысының орынбасары: «Қазіргі уақытта 55 арнайы техника жұмылдырылды. Жай күндері 30-35 техника болатын еді. Қазір еке есе көбейді. Бүгінгі таңда тағы да 9 автогрейдер жұмыс істеп жатыр. Олардың бәрі қаланың шет-шетіне жұмылдырылды.»

Қалада қардың биіктігі қазір 30 см-ге жеткен. Синоптиктер алдағы күндері ауа температурасы -28 градусқа дейін төмендейді деп отыр. Жалпы, қар, тоқтап-тоқтап қаңтардың 30-шы жұлдызына дейін жаууы ықтимал. Сондықтан кез келген жағдайға дайын болыңыздар деп ескертеді.

Коммуналшылар

Маханбет Жазықбаев, «Қазгидрометтің» ОҚО филиалының директоры: «Алдағы уақытта салқын ауа сақталады деп отырмыз. Облыс көлемінде, таулы аймақтарда арктикалық ауаның әсерінен бұл қар тек 24-қаңтар күні ғанатоқтайды деп болжам жасап отырмыз.»

Ауа райын болжаушылардың айтуынша, бір жарым тәуліктің ішінде Шымкентке бір айлық мөлшерге жуық қар жауып үлгерген. Әлі бұл қардың өзі 2 тәулікке жалғасады деген болжам бар. Одан соң тағы 2 күн жауын-шашын болады дейді мамандар. Ал төтенше жағдай қызметінің мамандары кез келген күрделі жағдайғадайынбыз деп отыр. Ал коммуналшылар бүгін де түнімен көшелерді тазалауға кіріспек.