Темекі мен арақтың акцизі қымбаттады

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=ItIsU2FHc4Y[/youtube]

Жаңа жылдан бастап елімізде акциз өнімдеріне салық көрсеткіші екі есе өсті. Темекі мен арақ өнімдеріне салынатын салық көлемі алдағы 2 жыл бойына кезең-кезеңмен жоғарыламақ. Сонда 2016 жылға дейін арақ өнімдерінің салық көлемі 3 есеге, темекі бұйымдарына 4 есеге дейін қымбаттамақ.

Сапарбек Ешанқұлов, ОҚО бойынша салық департаментінің бас маманы: «Мәселен, бұрын арақ өнімдерінің 100 пайыздық спирт мөлшерлемесіне салық көлемі 500 теңге болса, ол 2014 жылдың 1-қаңтарынан бастап 1000 теңге болып белгіленген. 2015 жылдан бастап 1200 теңгеге қымбаттайды. Ал 2016 жылы 1600 теңгеге дейін жоғарылату көзделіп бекітілген. Одан бөлек, акциз салығының ставкасы коньяк өнімдеріне де қатысты өзгерді. Бұған дейін отандық және импорттық спирт өнімдерінен жасалынатын коньяк өнімдері болып, екі түрлі ставка қолданылып келген болса, бүгінгі таңдағы орын алған өзгерістерге орай, 100 пайыздық спирт мөлшерлемесіне 250 теңге болып белгіленіп, бір жүйеге, бір салық түріне біріктіріліп отыр. Яғни, коньяк өнімдерін 40 пайыздық өнім деп есептейтін болсақ, бір литр коньяк өніміне тиісті акциздің бағасы 100 теңге көлемінде белгіленген.»

Өңірімізде арақ шығаратын үш зауыт бар. Алкогольді өнім шығаратын осы мекемелерден өткен жылы 159 миллион теңге акциз салығы түсіпті.

Акциз салығы

Дәл қазіргі таңда облыста темекі шығаратын мекеме жоқ. Десе де, темекі өнімдерінің өндірісіне де бірнеше еселенген акциз салығы дайындалып отыр. Мамандар акциз өнімдеріне салықтың дәл осылай көтерілуі, тиісінше, тауардың да бағасының күрт қымбаттауына әкеледі деп отыр. Соның нәтижесінде оны тұтынушылардың қатары да сирейді деген сенім бар.