Аудан әкімдері мемлекеттік бағдарламалардың бүге-шігесін әлі де толықтай меңгере алмай отыр. Әкімдердің біліктілігін тексеру мақсатында ұйымдастырылған сынақ нәтижесі осыны көрсетіп отыр. Өңірімізде іс-сапармен жүрген еліміздің еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова аудан әкімдерімен кездесіп, тестілеудің қорытындысын жариялады.
Айта кетейік, Түркістан қаласы, Отырар, Мақтаарал, Созақ аудандарының әкімдері біліктілік сынынан сүрініп қалған. Жауапты қызметкерлерді сынға алған министр басшысы алдағы уақытта бюджет қаражаты атқарылған жұмыстың сапасына қарай қарастырылатынын ескертті. Бұл шаралар қаржыны игерілмей қалуының алдын алады әрі бағдарламаның жоғары деңгейде орындалатына себеп болады дейді министр.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Jd06qtD3KMA[/youtube]