Жаңалықтар 

Заңсыз орналасқан аялдама

«Аялдамада автобус күтуден қалдық!» Қаламыздағы Юрий Гагарин көшесінің тұрғындары осылай деп шағымданып отыр. Айтуларынша, соңғы 2 жылдың ішінде аялдамадағы дүңгіршекке көше қаңғыбастары жайғасқан. Күні бойы ішімдікке сылқия мас болатын топ кешке айқайлап, көше тұрғындарының мазасын алатын көрінеді. Осы аялдама мектеп жолында орналасқандықтан, оқушылар мектепке жалғыз барудан қорқады. Жергілікті тұрғындар бұл мәселе жайында осы аялдамаға қарсы бетте орналасқан аудандық учаскелік бөлімге талай рет айтыпты. Бірақ нәтиже болмаған. Бүгін біздің түсірілім тобы осы аялдамаға тұрғындар шақыртуымен арнайы барғанда қаңғыбастар жоқ болып шықты. Бірақ дүңгіршекте маңында шашылған күл-қоқыс жатыр. Қаныбек Жұмабеков, қала тұрғыны:…

Read More
Жаңалықтар 

Төтеншеліктер түсіндірме жұмыстарын жүргізуде

Облыс бойынша көмірқышқыл газынан улану оқиғасы тыйылмай отыр. Таяуда осындай қайғылы жағдайдың салдарынан екі азамат көз жұмған. Сол сияқты өрт те өршіп барады. Былтырғымен салыстырғанда тілсіз жаудың құрбандарының саны артқан. Осындай оқыс оқиғалардың алдын алу үшін қалалық төтенше жағдай басқармасының мамандары рейд жұмыстарын ұйымдастырды. Олар қаланың сыртқы шағынаудандарын аралап, тұрғындарымен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қолдарына ескерту қағаздары мен кітапшалар таратып, өрттің алдын-алудың жолдарын үйретті. Рейд барысында тұрғындардың өтінішімен үйлерін жылыту құралдары, пештері тексерілді. Әсіресе, көгілдір отынмен жылытылатын қазандықтарды ауыстырғанда не орнатқанда арнайы мамандарға тексертіп алудың қажет екені тағы да бір…

Read More
Жаңалықтар 

«Менің кішкентай балалық тілегім…»

«Менің кішкентай балалық тілегім». «Отырар» телеарнасының және «Рабат», «Оңтүстік Рабат» басылымдарының ұжымы мен Қауысбек Тұрысбеков атындағы жеке қайырымдылық қоры «Менің кішкентай балалық тілегім» акциясына қатысты. Әріптестерімізбен бірге Төлеби ауданындағы тілінің кемістігі бар балаларға арналған көмекші мектеп-интернатына арнайы барып, балалардың хатқа жазған армандарын орындауға тырыстық. Бақтияр Тілеуқабылов, Қ.Тұрысбек атындағы жеке қайырымдылық қорының вице-президенті: «Жуырда біздің қайырымдылық қоры үлкен бағдарлама әзірлеп отыр. Бұл олардың бала қиялын жүзеге асырады деп ойлаймыз. Әсіресе, өнерлі жеткіншектерге көп көмегі болады деген сенімдеміз.» Сарбиназ Алдабергенова, «Отырар» ТА режиссері: «Менің кішкентай балалық тілегім» акциясы дегенді ести сала біз…

Read More
Жаңалықтар 

Киім-кешектің бағасы сол қалпында

Шымкент базарларында сауда жасайтын ағайын тауарды Түркия, Өзбекстан мен Қырғызстаннан алып келеді. Басым бөлігі, негізінен, қырғыздың киім-кешегін саудалайды. Оның себебі — бағасы қымбат емес. Доллар бағамы көтерілгенімен, Қырғызстаннан келетін киім-кешектің бағасы әзірге тұрақты. Бірақ, екі күн бұрын тауар алып келген Гүлсара Жұмаділлаева Қырғыз елінде де АҚШ доллараның құны өскенін айтады. Тауарды доллармен саудалайтын ол бағаның әдеттегіден 10 пайызға көтерілгенін байқапты. Халық киім-кешекті азық-түліктен кейінгі орынға қояды. Сонда да жиі тұтынатын тауарларды базардан алғанды жөн санайды. Сонымен саралайық. Шұлықтар — 100-200 теңге, сүлгілер — 200-2000 теңге, костюм-шалбар — 7 мың мен…

Read More
Жаңалықтар 

«Арай — 2014» байқауының жеңімпаздары анықталды

«Арай» байқауының жеңімпаздары анықталды. Биыл 18-рет жас эстада әншілері мен іс-шара жүргізушілерінің номинациясы бойынша өткен байқауға 16 мен 25 жас аралығындағы 100 аса үміткер қатысқан. Іріктелген үміткерлердің арасынан ақтық сынға 30 жас әнші мен 11 жүргізуші жолдама алған. Байқаудың бас жүлдесі — 200 мың теңге. Сөйтіп, байқаудың «Жас эстрада әншісі» номинациясы бойынша бас жүлдені Әйгерім Тәжі, ал мәдени іс-шаралар жүргізушілердің арасынан бас жүлдені Жақабай Нұрай иеленді. Гүлбала Әбуова, ҚР Мәдениет қайраткері, әділқазылар мүшесі: «Байқауға жүргізушілер номинациясы 2-3 жылдан бері енді. Өйткені, облысымыздың мәдени іс-шараларына келгенде санаулы ғана жүргізушілеріміз бар. Бізге жаңа жүргізушілер…

Read More
Күншығыс шағынауданындағы жерасты өткелі Жаңалықтар 

Жерасты өткелдері салынады

Биыл Шымқалада 3 жерасты өткелі салынбақ.  Бұл өткелдер Мангельдин көшесі мен Темірлан тасжолы, Тәуке хан даңғылы мен Қонаев даңғылдарының қиылысында және «Евразия» базарының маңында пайдалануға беріледі. Бүгінгі таңда Шымкентте 8 жерасты өткелі бар. Қазақстандағы үшінші қала болудан үміткер деп үкілеп жүрген шаһардағы бұл нысандардың барлығы дерлік жарамсыз. Көлік қозғалысын жеңілдетіп, тұрғындардың емін-еркін жүруіне жағдай жасауы тиіс бұл нысандардың әрқайсысына мемлекет есебінен миллиондаған қаржы жұмсалғаны белгілі. Алайда, жаяу жүргіншілерге арналған нысандардың мақсаты мүлдем өзгеріп, бірқатары әжетханаға айналса, енді бірінің тоз-тозы шығып, қирап жатыр. Бұл — Шымкенттегі ең көне жерасты өткелі (бұрынғы —…

Read More