Оқыс оқиға 

Сайрамда тұтас отбасы уланып қалды

Жылыту маусымы басталғалы бері бір ғана Сайрам ауданының өзінде иіс газымен уланыға қатысты 5 оқиға тіркеліп, 11 азамат мерт болды. Таяуда ғана жылынамын деп жүріп, 4 адам ажал құшты.  Мамандардың айтуынша, мұнда пештің дұрыс орнатылмауы қайғылы оқиғаға әкеп соқтырған болуы мүмкін. Сондықтан тұрғындардың үйді жылытатын құрылғыларды пайдалануда барынша мұқият болғаны абзал. Қарабастау ауылында Иранда жасалатын пештің түтінін сыртқа шығаратын кернейін бекітпеу салдарынан бір отбасы уланып, түгелдей ажал құшқан.

Read More
Жаңалықтар 

Жүргізушілердің жалған куәлігін сатқан жігіт ұсталды

Шымкентте жүргізушілердің жалған куәлігін сатқан азамат анықталды. Абай аудандық прокуратура қызметкерлері жүргізген тексеру барысында 23 жастағы сезікті ұсталды. Оны құрыққа түсіруге жалған куәлікті сатып алғандардың бірі көмектескен.  Тәртіп сақшыларының құрығына жалған құжатпен іліккен азамат құқық қорғаушыларға көмек береді. Осылайша жалған куәлік сататын азамат жол полициясы басқармасы ғимаратының дәл қасынан ұсталды. Ол бір куәлікті 4000 теңгеге сатып келген екен. Қолға түскен соң сезікті жалған құжатты жасамайтынын, тек сатумен айналысатынын алға тартты.   Бұл мәселемен прокурорлар жыл басында Шымкентте жалған куәлікпен көлік басқарып жүрген азамат ұсталған соң айналыса бастады. Нәтижесінде тек жалған…

Read More
Оқыс оқиға 

Шымкентте автокөлік өртеніп кетті (фото және видео)

Шымкенттің орталық көшелерінің бірінде тал түсте көлік өртке оранды. Сағат шамамен күндізгі 2 жарымда өрт сөндіру қызметінің кезекші бөліміне Республика даңғылында автокөлік жанып жатқаны жайлы суыт хабар келіп түскен. Оқиға орнына екі арнайы техника мен 7 өрт сөндіруші шұғыл аттанады. Анық болғаны — Киа маркалы автокөлік жүріп келе жатқанда өртене жөнелген. Соның салдарынан көліктің мотор жағы толық өртеніп кетті. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды 15 минуттың ішінде ауыздықтады. Құдай сақтағанда адамдардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Алдын ала болжамға сәйкес, өрт көліктегі тоқтың қысқа тұйықталуынан шығуы мүмкін. Қазіргі таңда өрт сөндіру қызметінің…

Read More
Жаңалықтар 

Поляктың шатыры мен едені саудаға шықты

Поляк кәсіпкерлері шымкенттік сәулетшілерге баспанаға қажетті жоғары сапалы суағар жүйелері мен еден тақтайшаларын таныстырды. Түрлі формаға енетін иілгіш шатырлар мен суағарлар, сондай-ақ, еден жабындылары сапасы жөнінен әлем бойынша алғашқы үштіктің құрамында. Хмура Дариуш, Польша-Қазақстан сауда өнеркәсіп палатасының төрағасы: «Біздің тауардың басты артықшылығы оның сапасы мен бағасының қолжетімділігінде. Яғни, біздің өнімнің бағасы Ресейдің тауарларының құнымен бірдей. Бірақ, сапасы одан жоғары. Ал тауар өндірушінің өзі көп жылдық тәжірибесі бар компания. Мәселен, олар шығарған өнімдердің 60-65 пайызы Қытайға экспортталады. Мұның өзі көп жәйтті аңғартса керек.» Поляк кәсіпкерлерінің сендіруінше, полихлорвинил және полиэтиленнен жасалған құрылыс…

Read More
Жаңалықтар 

Бизнеске арналған 100 жоба

«Шағын бизнеске арналған 100 жоба» кітабы жарық көрді. 50 мың данамен шыққан бұл еңбекте мал шаруашылығы, агробизнес, қызмет көрсету сияқты бас-аяғы 9 саланы қамтыған жобалар енген. Авторлар онда ұсынылған жобалардың іске асыру тетіктерін жан-жақты түсіндірген. Өз ісін ашқысы келетіндерге бизнестің әліпбиін үйрететін бұл жинақта, тіпті, қаржы табу көздері мен мемлекеттік бағдарламалардың шарттары да байыпты баяндалған. Сала мамандары жобалар жинағын бизнес мектептер арқылы ауыл-аймаққа таратуды жоспарлап отыр.

Read More