Жаңалықтар 

Отырар ауданының әкіміне оң баға берілді

Өткен жылы Отырар ауданындағы кәсіпорындар 15 миллиард теңгенің өнімін өндірген. Негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 21 миллиард теңгені құраған. Ал бюджеттің кірісі 7 миллиардқа жетіпті. Ауданның шаруалары 7 миллиард 879 миллион теңгенің өнімін өндірген. Соңғы жылдары Шәуілдір жерінің 3 жарым мың гектарына түрлі дақылдар егіліпті. «Сыбаға» бағдарламасының орындалуы да жаман емес. Өткен жылды қорытындылай келе аудан әкімі жергілікті жұртшылық алдында жылқы жылында атқарылар істердің жоспарымен бөлісті.  Салыхан Полатов, Отырар ауданының әкімі: «2014 жылы суармалы жерлердің көлемін ұлғайту және су өткізгіш қабілетін жақсарту мақсатында 18 каналдың сметалық құжаттары жасалып, облыстық бюджетке ұсынылды….

Read More
Жаңалықтар 

Шымкентте газ беру қалыпқа келе бастады

Шымкенттік ондаған үйлерде осы сағатқа дейін көгілдір отын қысымы төмен күйінде. Кеше кешкісін 60-тай кәсіпорынға газ беруге шектеу қойылғанын қала басшылығы ресми мәлімдеген. Сонымен бірге шымкенттіктердің 70 пайыздан астамын жылумен қамтитын жылу-энергоорталығы газ беру мөлшеріндегі шектеуге байланысты қосымша отын пайдалануға көшкенін хабарлаған. Ал бүгін ғаламтор арқылы Өзбекстан жағы газ беру жайы ретке келтірілді деген ақпарат тарады. Жарқынбек Әлімбетов, «3-Энергоорталық» АҚ бас директорының орынбасары: «Газ дәл қазіргі кезде сағатына 30 мың текше метр келіп тұр. Яғни, біздің пайдалануымыздың жартысы ғана. Ал жартысын біз мазут жағып, сонымен қамтамасыз етіп отырмыз. Қалаға жіберіп…

Read More
Жаңалықтар 

Көгілдір отынның қысымы төмендеп кетті

Шымкенттік кәсіпорындарға газ беруге шектеу қойылды. Бұл — «ҚазТрансГаз Аймақ» мекемесі мен облыс әкімдігінің тұтынушы халықты көгілдір отынсыз қалдырмау мақсатында өзара келісім-шарт түзу негізінде қабылданған шешім. Осы келісім аясында қаладағы халыққа тұрмыстық қызмет көрсетпейтін өнеркәсіп орындарының газ пайдалануына уақытша шектеу қойылды. Сонымен бірге облыс орталығының тұрғындарын жылусыз қалдырмау үшін 3-Энергоорталығы қосымша қордан отын алуға көшті.  Оңтүстікте қыс қаһарына мінгенде, Өзбекстан көгілдір отыннан қысты. Көрші ел тарапы облысқа беретін газ көлемін азайтып отыр. Бұрын сағатына 430 мың текше метрді құраған газдың мөлшері енді 120 мыңға бір-ақ түсті. Мұның негізгі себебін көршілер…

Read More
Жаңалықтар 

Абайлаңыз! Иесі бар иттер құтырды

Құтырған иттер көбейіп барады. Күн сайын Шымкенттегі ветеринариялық бөлімге тұрғындардан 20-ға жуық шағым түседі. Ол мамандардың айтуынша, көше кезген иттердің көбінің иесі бар. Емханаға ит тістеді деп келгендер де мұны растап отыр. «Асар» шағынауданының тұрғыны Ербол Мыңбосынды сабақтан қайтап бара жатқан кезінде ит қауып алыпты. Енді ол дәрігерлерге әлі үш рет барып, егу жасатуы тиіс. Себебі, сонда ғана құтыру дертінің алдын алуға болады. Соңғы кезде балалар мен үлкендерді қапқан иттердің көбінің иесі бар, яғни, кәдімгі үй иттері. Егер адам тістеген ит көше кезген қаңғыбас төбет болса, науқас үздіксіз дәрігердің қадағалауында…

Read More
Оқыс оқиға 

Мешітте ұрлық жасаған жігіт ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысының тәртіп сақшылары мешітте ұрлық жасап келген 18 жасар бозбаланы ұстады. Қаңтар айының соңында Шымкент қалалық ішкі істер басқармасына қарасты Әл Фараби полиция бөліміне бірнеше тұрғын шағымданып келеді. Олар мешітте намаз оқып отырған сәттерінде белгісіз біреудің ақша, ұялы телефондары мен өзге де бағалы заттарын ұрлап кеткенін айтқан. Ұрының әрекетінен зардап шеккендердің бірі — 40 жастағы азаматтың айтуынша, мешітке кіріп, намаз оқып шыққан соң күртесінің қалтасында тұрған 300 мың теңге ақшасы мен құны 90 мың теңге болатын «Самсунг» маркалы ұялы телефонының жоқ екенін байқаған. Арада бірнеше күн өткен соң…

Read More
Жаңалықтар 

Кәсіпорындар тоқырап тұр

Соңғы жылдары қолға алынған мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында облыста оншақты кәсіпорын ашылған болатын. Бүгінде олардың дені кәсібін дөңгелете алмай тоқтап қалған. Кезінде Елбасының өзі келіп, тұсауын кесіп беріп кеткен кәсіпорындардың жұмысы неге баянды болмады? Екі қолға бір күрек ұсынатын жұмыс көзінің іске қосылуын, әсіресе, күнделікті нәпақа табу үшін күн бойына көшеде тұратын азаматтар асыға күтуде. Тұрақты жұмыс, нақты кіріс әзірге «құл базарындағылардың» арманына айналып отыр. Айта кетейік, облыс бойынша бүгінде 6 мыңнан аса адам жұмыссыз ретінде тіркелген. Бұл көрсеткіш экономикалық белсенді, яғни, жұмыс істеуге қабылетті азаматтардың 5 пайызын құрап…

Read More