Жаңалықтар 

Насыбай ататын оқушылар көбейді

Шымкентте насыбайға құмартқан мектеп оқушыларының саны артты. Мұны облыстық наркологиялық диспансердің дәрігерлері мәлімдеп отыр. Айтуларынша, жасөспірімдер шылымға қаншалықты тәуелді болса, шақшаға да әуесі анағұрлым артқан. Жасыл түсті, зияны көп насыбайдың бағасы арзан. Құмарлықтың құлы болғандар үшін бұл шақша қолжетімділігімен де баурап жүр. Ал нарколог мамандар дабыл қағуға кірісті. Мәлім болғанындай, шымкенттік мектеп оқушылары мен жасөспірімдердің көбі насыбай тұтынушыларының қатарын толықтырған. Раушан Баймұрынова, облыстық наркологиялық диспансерінің жоғары санатты дәрігер-наркологы: «Жасөспірімдер алғашында қызығады. Қызығып жүріп 1 рет болса да қолданады. Содан тәуелділік пайда болады. Бірақ енді ғана жетілген ағзаны насыбай жаулап, жеткіншектің…

Read More
Дәрігерге қателесуге болмайды Жаңалықтар 

Дүмше дәрігерлер көбейді

Дәрігердің өз міндетіне салғырт қарауынан мүгедек атанғандар мен көз жұмып жатқандардың саны күн санап артып келеді. Осындай олқылықтардың алдын алу мақсатында ақ халаттыларға деген талап күшейтілмек. Яғни, енді дәрігерлер жіберген қателігі үшін әкімшілік жазаға емес, қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады. Жаңа заң биылғы жылдың екінші жартысынан қолданысқа енеді деп күтілуде. Дәрігерлер қателеспеу керек. Өйткені дәрігер қателігінің артында әрбір адамның тағдыры, тұтас өмірі тұрады. Рас, балтыры сыздағанның барлығы бірден ауруханаға, емханаға бармайтыны да белгілі. Дерті асқынғанда ғана сан соғатын жәйттер де кездеседі. Алайда, алдына барған науқастың дертін дер кезінде анықтай алмай, талай…

Read More
Жаңалықтар 

Облыс әкімдігінің инспекторлары халықпен кездесуде

Облыс әкімінің өкімі мен облыстық әкімшілік инспекторлары айына 2 рет қоғамдық қабылдау өткізуі тиіс. Мұндағы мақсат — халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, мәселесін шешуге ықпал ету. Кезекті қабылдау Әл-Фараби аудандық әкімдігінде өтті. Яхия Халходжаев — «Тұран» шағынауданындағы көше төрағасы. Ол 5 жылдан бері ауызсусыз отырған тұрандықтардың аманатын арқалап, талай табалдырықты тоздырыпты. Ендігі үміті осы қабылдаудан болып тұр. Яхия Халходжаев, «Тұран» шағынауданының тұрғыны: «Халық бес жылдан бері ауызсусыз отыр. 4-5 жыл бұрын судың бір цистернасы 500 теңге еді, бүгінгі таңда 2500 теңгеге қымбаттап кеткен. Оны қалтасы көтеретіні де бар, көтермейтіні де бар.» Төлеев…

Read More
Жаңалықтар 

Оңтүстікте қараусыз қалған балалар көбейген

Соңғы уақытта Оңтүстік Қазақстан облысындағы жасы кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталығына келіп түсетін балалар көбейген. Мысалы, қаңтар айында 82 бала түссе, оның 74-і отбасына қайтарылған. Мұнда көбіне ата-анасынан айрылған, қаңғып, маскүнемдікке салынған және асырай алмайтын ата-аналардың балалары келіп түседі. Адасып қалған балаларды отбасына қайтару, ол үшін құқық қорғау органдарының қызметіне жүгіну де осы орталықтың міндеті. Бейімдеу орталығына жеткізілген балалардың құжаттары 3 айға дейін рәсімделіп, ата-анасы табылған жағдайда отбасына, табылмаса, балалар үйіне жіберіледі. Кейде баласынан бас тарту фактілерімен бірге қайта-қайта келетін балалар да кездеседі.

Read More
Жаңалықтар 

Облыс әкімі халық алдында есеп берді

Жылан жылы облысымызда қазына қаржысының 98 пайызы игерілді. Бюджеттің кіріс бөлігі 212 миллиард теңгеге жеткен. Өңірімізде тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны 125 мыңнан асып, республикада үшінші орында келеді екенбіз. Ал облысымызда өндірілген өнімнің жалпы көлемі 2 триллион теңгеден асқан. Индустрияландыру бағдарламасы бойынша 46 жоба іске асып, кәсіпорындар 55 миллиард теңгенің тауарын нарыққа шығарыпты. Алдыңғы жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы саласының мамандары өндірген өнім де 40 миллиард теңгеге артып отыр. Асқар Мырзахметов, облыс әкімі: «Жылыжай бойынша республикадағы үлесіміз — 87 пайыз, тамшылатып суарудан — 72 пайыз, қоймадан 200 мың тоннаға жеткізілді. Бұл — республиканың 1/5…

Read More
Жаңалықтар 

Оңтүстікте 120 мыңнан аса кәсіпкер бар

Бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысында 120 мыңнан астам адам шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысады. Аймақта кәсіпкерлердің саны жалына 5-10 пайызға артып отырады. Бұл туралы облыс әкімдігі жанынан құрылған кәсіпкерлерді қолдау орталығы директорының орынбасары Береке Дүйсебеков хабарлады.   Оңтүстік Қазақстан облысы климаттық жағдайымен ерекшеленеді. Халқы тығыз орналасқан, кәсіпке ынталы. Облыс аудандарының өз ерекшеліктері бар. Қазығұрт, Төле би, Бәйдібек аудандары — таулы аймақ, мұндағы халық малды бордақылау, етті, сүтті малдарды бағумен, Сарыағаш, Мақтаарал аудандарындағы кәсіпкерлер жылыжай, егін, бау-бақшамен, ал Отырар, Арыс, Созақ аудандарындағы кәсіпкерлер түйе шаруашылығымен айналысады. Әрбір кәсіпкер — әлеуетті салық…

Read More