Жаңалықтар 

Оңтүстікте су тасқынына дайын емес аудандар бар

Оңтүстік өңірінде су шаруашылығына инвентаризациялау үлкен қарқынмен жалғасып жатыр. Бүгінге дейін облыс әкімдігінің коммуналдық меншігінде 898 канал, 438 коллектор, 515 тігінен жайғасқан су сорғыш бар. Бірақ бұл толық мәлімет емес. Мұхит Отаршиев, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы: «Аудан-қала әкімдері тиісті шара жүргізбегендіктен, орын алып отырған кемшіліктерге тоқтала кетсем, коммуналдық су шаруашылығы нысандары бойынша каналдарға қазіргі таңда құжаттандыру жұмыстары Бәйдібек 77 пайызға, Отырар 80 пайызға, Шардара 70 пайызға орындалмаған. Қашыртқылар бойынша Отырар 81 пайызға, Шардара 41 пайызға құжаттандыру жұмыстарын жүргізбеген».  Бұл аудандардағы тұрғындар жайғасқан елдімекендердің ешбірі су тасқынынан…

Read More
Жаңалықтар 

Төріңізге Шымкенттің кілемін іліңіз

Қазақстанда жасалған! Енді үй жиһазына қажет кілем алсаңыз, түріктің немесе иранның текеметіне қызықпай-ақ қойыңыз. Қалаған өрнегіңізді салып, тоқып беретін фабрика Шымкентте де ашылды. Отандық өнімнің сапасы шетелдікінен кем емес. Әрі өзіміздің өнім басқалармен салыстырғанда айтарлықтай арзан болады деп сендіреді кәсіпкерлер. Кілем тоқу процесінің алғашқы баспалдағы 4 станоктан басталады. Бірінші кезең бойынша іске қосылған 6 желі қазір «Алатау» және «Тұран» брендтері бойынша текемет тоқуға кіріскен. Ал ондағы ою-өрнек талғамыңызға байланысты. Әзірге жылына 2 миллион шаршы метр кілем тоқуды жоспарлап отырған фабрика маман мәселесінде түрік ағайындарға тәуелді болып тұр. Талғат Ысқақов, «Бал…

Read More
Жаңалықтар 

Бәйдібек ауданы білім көрсеткіші бойынша облысымызда 1-орында

Шаяндағы мәдениет үйінде болатын аудан әкімінің есебіне Мейрамбек аға елден бұрын келіпті. Өйткені, ауылдағы мәдениет ошағы құлауға шақ тұр. Осы мәселені жергілікті билік жылдамырақ қолға алса дейді ол. Мейрамбек Жақсыбаев, Тасқұдық ауылының биі:  «Қазіргі жағдайы мынау — төбесі түсейін деп тұр. Ішіне кіру деген енді қоқынышты. От жағып жатқанымен, ешқандай жылымайды. Жастар отыра алмайды оның ішінде.» Тасқұдықтан өзге Шалғар, Шақпақ секілді бірнеше елдімекендердегі мәдениет үйлерді күрделі жөндеу қажет. Ал Өмірбек Жолдасбеков есімін иемденген Кеңес ауылындағы мектептің қабырғасы сонау 1958 жылы қаланған. Алайда сан жылдан бері жаңғырту көрмеген білім ошағында қазір…

Read More
Жаңалықтар 

Биыл да әлеуметтік нысандар салынады

Облыстық мәслихаттың кәсіпкерлік, құрылыс және коммуналдық саланы дамыту жөніндегі тұрақты комиссияның отырысында 2014-2016 жылдарға арналған бюджет талқыланды.  Баяндамадан белгілі болғандай, биыл әдеттегідей әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды болуы үшін қыруар қаржы бөлініпті. Сондай-ақ, «Шағын қалаларды дамыту» бағдарламасы аясында 54 миллионнан астам теңгеге Кентаудағы жылу жүйесі жаңғыртылатын болыпты. Мұны құптаған халық қалаулылары Түркістан қаласы ауызсусыз қалуы мүмкін деген мәселені көтеріп, назарға алуды ұсынды. Кентау мен Түркістан арасында су құбырын тарту үшін қаржы бөлу керек. Облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр бұл мәселемен таныс әрі былтыр қаржы бөлгендерін алға тартты. «Республика оны жоспарлап, екі…

Read More
Оқыс оқиға 

Қарызын сұраған адамды атып тастады (видео)

Шымкентте жаға ұстатар жағдай орын алды. Түнгі сағат 10-нан асқанда полицияның кезекші бөліміне 102 нөмірі бойынша Диваев көшесінің тұрғыны хабарласқан. Оның айтуынша, көшеден тапаншаның атылған даусын естіпті. Оқиға орнына жол-патрульдік полициясының жақын маңдағы кезекші экипажы мен жедел жәрдем дәрігерлері шұғыл аттанады. Сабырхан Жұбатов, ОҚО ІІД жол-полициясының инспекторы: «№ 808 экипажға жедел басқару орталығынан дабыл түсті. Диваев көшесінің бойында атыс болып жатыр деген хабар түсіпті. Оқиға орнына келіп, анықтау жұмыстарын жүргізгенімізде екі азаматты бір азаматтың атқаны анықталды. Қазір жарақат алған жігітке көмек көрсетіліп жатыр. « Жарақат алған жігіттің айтуынша, оқ атқан…

Read More
Жаңалықтар 

Адам өлтіргені үшін іздеуде жүрген күдікті қарумен ұсталды (видео)

Таяуда облыстық ішкі істер департаментінің есірткі бизнесімен күрес басқармасы, Кентау қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлері мен «Бүркіт» арнайы жасағының сарбаздары бірлесе отырып, іздеуде жүрген күдіктіні тұтқындады. 20 жастағы Кентаулық азаматқа осыдан екі жыл бұрын кісі өлтірген деген айып тағылып, содан бері республикалық іздеу жарияланған еді. Жақында полиция қызметкерлері күдіктінің Шымкент қаласында жүргені туралы шұғыл ақпарат алады. Содан шұғыл операция жүргізіп, «Нұрсәт» шағынауданындағы үйлердің біріне отырған жерінен күдіктіні қолғы түсіреді. Оның қасында ағасы бар екен. Сезіктілер мұндай «қонақтарды» күтпесе керек, өздерінде бар бірнеше қаруды қолданып та үлгере алмай қалды. Адам өлтірген…

Read More