Халық жаңалығы 

Жәрмеңкеде сатылған картоптың арасынан шірігені де шықты

АҚШ долларына шаққанда теңге бағамы құлдырағаннан кейін Шымкентте арзан бағамен өткен алғашқы жәрмеңке даумен басталды. Қаймана халық өнімді молынан алып қалу үшін ұзын-сонар кезекке тұрды. Алайда, сағаттап кезек күткен тұрғындардың үміті ақталмады. Себебі, жәрмеңкеде сапасыз өнімді саудалағандар бар болып шықты. Қала тұрғыны: «Екі жарым сағат болды кезек күтіп тұрғаныма, азанғы сағат сегіз жарымда келгем. Кезегім келгенше көліктегі картоп таусылып қалды. Оның үстіне сатушылар «Алсаң — ал, алмасаң — алма» деп, дөрекілік танытып жатыр. Бұл не масқара!» Жәрмеңкедегі арзандатылған азық-түлікті алу үшін таңертеңнен бастап кезекке тұрған тұрғындардың көңілі осылайша су сепкендей…

Read More
Жаңалықтар 

Кентаулықтар қыста жаурамайды

Кентау әкімінің жетінші ақпан күні өткен есебінде қаладағы жылу-энергоорталығының отын қоры 22 күнге ғана жететінін мәлімдеген еді. Сұйық және қатты отынды қасқалдақтың қанындай үнемдеп жұмсап отырған өңір басшылығы көмірді де қарызға алыпты. Сембек Әбдірахманов, Кентау қалалық мәслихаттың депутаты: «Бұдан 1-2 жыл бұрынғы жағдай қайталана ма деп қорқамыз. Өйткені, қазір жағып жатқан көміріміз де қарызға алынып жатыр деп естідік. Ол қарыз қалай төленеді? Шындығын айтар болсақ, сол жылу орталығына кетіп жатқан қаржының есебі жоқ. Жылда жөндеуден өтеді. Соған қарамастан трубиналары істен шығып, тоқтап тұрды. Күрделі жөндеуден өткен трубиналар неге жұмысын бастамайды?»…

Read More
Жаңалықтар 

Алтын әзірше қымбаттаған жоқ

Өңіріміздегі алтынтың бағасы тұрақты. Дегенмен, нарықтағы баға тұрақты болғанымен ломбардттағы баға басқаша. Он жылдан аса уақыт алтын саудасымен айналысып жүрген Қанат Аманов бұл кәсіптің қыр-сырын меңгеріп алған. АҚШ долларының шарықтауы қымбат металдың бағасына әсер етпей қоймайды дейді ол. Әзірге баға тұрақты болғанымен, екі-үш күнде қымбаттап кетуі бек мүмкін. Қанат Аманов, сатушы: «Баға әлі көтерілген жоқ. Клиенттер келіп, бұрынғы бағамен алып жатыр. Егер көтеріліп жатса, бізде қарап қалмаймыз.» Ал ломбардтағы жағдай мүлдем басқа. Ресей мен Украиналық алтынның граммы 4 мың теңгеден саудаланған еді. Ал бүгінгі бағам — 1 грамына бес мың…

Read More
Жаңалықтар 

Оңтүстіктің салықшылары жарап тұр

Өткен жылы салық төлемдерінен облыс қоржынына 212 миллиард 362 миллион теңге түскен. Бұл 2012 жылмен салыстырғанда айтарлықтай артық. Бұл ақпарды облыстық салық департаментінің жетекшілері журналистермен болған брифингте айтып берді. Алтынсары Үмбетәлиев, облыстық салық департаментінің басшысы: «Ағымдағы жылдың қаңтар айының мемлекеттік бюджет жоспары 117 пайызға орындалды. 10 миллард 894 миллион теңге өндіріліп, артығымен 1 миллиард 563 миллион теңгеге қамтамасыз етілді. Соның ішінде республикалық бюджетке 6 миллиард 562 миллион теңгеге өндіріліп, жоспар 119 пайызға орындалды.» Былтыр ел қазынасына салық түсімдері бойынша біздің облыстың өзінен 7 миллиард теңгеден атам қаржы түсіпті. Мұны мамандар…

Read More
Жаңалықтар 

Ардагерлерді коммуналдық ақыдан босату керек

Ұлы Отан соғысының ардагерлерін коммуналдық қызмет төлемдерінен босату керек. Өйткені, сұрапыл соғыстың куәгерлерінен облыста көзі тірі 580 ғана ардагер қалған. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов облыстық ардагерлер кеңесінің VI пленумында жиынға келген халық қалаулыларының құлағына осылай деп «алтыннан сырға тақты». Сондай-ақ, төраға қазыналы қарттарға жеңілдікпен берілетін дәрі-дәрмектің де санын көбейтуді ұсынды. Ауыл-аймақтағы бастауыш ұйымдарының саны аз деген Жеңісбек Мәуленқұлов 2014 жылы кеңес құрамына кірмей қалған ардагерлерді тіркеу керегін айтты. VI пленумда қозғалған тақырыптың тағы бірі — Елбасының жолдауын қолдау болды. «Мәңгілік ел» мұратына жету үшін бүгінгі ұрпақты соған сай…

Read More