Жаңалықтар 

Ордабасы ауданының әкімі есеп берді

2013 жылы Ордабасы ауданында ауыл шаруашылығы саласында 20 миллиард теңгенің өнімі өнідірілген. Көрсеткіш 2012 жылмен салыстарғанда 102,5 пайызға артып отыр. Бұл жөнінде аудан әкімі Самат Сапарбаев жылдық есебінде мәлімдеді. Айтуынша, өнеркәсіп өнімінің көлемі де көбейіп келеді. Өткен жылғы кірістің ауқымы 8 миллиард 254 миллион теңгеден асып жығылыпты.    Бұған қоса ауданда 200 орындық 3 білім беру нысанының құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілген. Аудан әкімі арнайы шарада ауызсуға зәру 21 елдімекеннің мәселесін де айналып өтпеді. Бұл үшін жергілікті бюджеттен жерасты су қорын анықтауда жобалық-сметалық құжаттар дайындалып, 2015-2016 жылдарға қаржыландыру үшін ұсынылыпты….

Read More
Оқыс оқиға 

Теміржол вокзалынан бомба іздестірілуде

Шымкенттің тәртіп сақшылары теміржол вокзалынан бомба іздестіріп жатыр. Қазір вокзал маңы толығымен қоршауға алынған. Бөгде адамның кіріп-шығуына рұқсат жоқ. Ғимаратқа жарылғыш зат қойылған деген күдік бар. Суыт хабар облыстық ішкі істер департаментінің кезекші бөліміне кешкі сағат 16:30да түскен. Хабарласқан адам вокзалға мина қойылды деп, тұтқаны қоя салған. Қазір оқиға орнында полиция қызметкерлері, саперлар, ОҚО Ұлттық қауіпсіздік комитеті депаттаментінің мамандары, төтенше жағдай қызметкерлері, жедел жәрдем дәрігерлері жүр. Барлық жолаушылар мен вокзал қызметкерлері қауіпсіз жерге көшілірген. Бейресми мәліметтерге сәйкес, пойыздардың жүріс-тұрысы да тоқтатылған болуы мүмкін.

Read More
Жаңалықтар 

«Мәңгілік ел» ішкі әскердің қызметін жақсартады

«Мәңілігік ел» елді қорғауда қырағылыққа бастайды. Елбасы жолдауын талқылаған 66/98 әскери бөлімінің қызметкерлері мен сарбаздары осылай дейді. Айтуларынша, биыл ішкі әскерде қызмет етушілердің қатары артқан. Жастардың әскерге бару ынтасының артуы отандық қарулы күштер қызметінің де дамуына әкеледі. Бұған қоса мәңгілік елді мызғымас сарбаз қорғауы тиіс. Елбасы жолдауы ел мен оны қорғайтын қарулы күштің беделін ғана емес, қазақстандықтарды ерекше отансүйгіштік рухқа тәрбиелейтін  құжат дейді әскери бөлімнің сарбаздары. Дархан Омаров, 66/98 әскери бөлімінің сарбазы: «Қазақстан Республикасының Конституциясының 36-бабында әрбір азамат Отан алдындағы парызын өтеуге міндетті деп жазылған. Әскери қызмет — оңай емес….

Read More
Жаңалықтар 

Балалар кітапханасына қазақша кітап жетіспейді

Шымкенттегі Аркадий Гайдар атындағы кітапхананың кішкентай оқырмандары осы қаламгердің еңбектерін оқиды. Ал биыл балалар жазушысының туғанына — 110 жыл. Сондықтан танымдық сабақтар ұйымдастырылып, кітап көрмесі ұсынылып жатыр екен. Жаңыл Жаңбыр, оқыман: «Мен қазір А.Гайдардың «Чук пен дед» кітабын оқып отырмын. Кітапта екеуінің сөзге келуі мен реніштері жазылған екен. Өте қызық. Мен бұл кітапханаға жиі келемін. Өзім ғана емес, іні-сіңлілерімді де ерте келемін». Ертіп келеді-ау… Алайда, мұнда 370 мыңға жуық кітап болса, оның 63 698-і ғана қазақша жазылған. Мәселен, жазушы Аркадий Гайдардың өз атына ашылған осы мәдениет ошағында қаламгердің 113 кітабы бар…

Read More
Жаңалықтар 

Баласын арқалағандар алақан жайып жүр

«Қайыршысы жоқ ел бақытты.» Әбу Нәсір әл Фарабидің бұл сөзіне сай ел бола алмай отырған жайымыз бар. Базар іші, мешіттің жаны, жоласты өткелдер, көше, тіпті, үлкен даңғылдардың қақ ортасында қайыршы қаптап жүр. Балалы ана, мектеп жасындағы бала.   Мына мешіт Махсубаның тұрақты мекені айналған. Алла үйіне бас сұққандардан қайыр сұрайды. Самарқаннан көшіп келген келіншектің 3 баласы бар. Атақонысқа келгелі де 3 жыл өтті. Тұрақты табысы болмағандықтан, қайыр сұрауға мәжбүрмін дейді. Отағасы да жұмыссыз. Ал көшеге баламен шыққан күндері табысы көп болады. Содан болар, балаларын жанынан бір елі тастамайды екен. Махсуба,…

Read More
Жаңалықтар 

«Сығандар» поэмасы сахналанды

Шымкентте орыс ақыны Пушкиннің «Сығандар» поэмасы негізіндегі опера сахналанды. Бұл — сазгер Сергей Рахманиновтың тырнақалды туындысы. Айта кетейік, Бессарабия жазығындағы көшпелі сығандардың өмірі мен жауапсыз махаббаттың заңдары баяндалатын қойылым алғаш рет осыдан 22 жыл бұрын Мәскеуде сахналанған. Алексей Скибин спектакльде сығанның серісі Алеконың кейпіне енді. Сондықтан бірнеше айдан бері дайындығын қалт жіберген жоқ. Сахнада шеберлікпен рөлін сомдап шыққан әртіс осы операның сөзін жаттау қиынға түскенін жасырған жоқ. Есесіне, басты рөлдің болмысын бойына тез сіңіргенін айтады.  Алексей Скибин, театр әртісі: «Операның оңайы жоқ. Рөлге ұзақ уақыт дайындалдым. Алеко — қызуқанды адам….

Read More