Оқыс оқиға 

Қарулы қарақшы қолға түсті (видео)

Шымкенттің тәртіп сақшылары қарулы қарақшылық әрекетін әшкереледі. Бұл қылмыс кешкі сағат 7-лер шамасында орын алған. 27 жастағы жігіт қару кезеніп, кафеден шыққандарды тонамақ болыпты. Алайда, арам ойы жүзеге аспады. Сезіктіні тәртіп сақшылары бейне-бақылау камераларының көмегімен қолға түсірді. Кешкі сағат 7-ден асқанда бір азаматша 102 пультіне хабарласып, көмек сұраған. Жәбірленушінің айтуынша, қару ұстаған жігіт 12 мың теңгесін тартып алып, қашып кеткен. Арада жарты сағат өткенде Тәуке хан даңғылының бойындағы кафеден шыққан тағы бір адамға шабуыл жасалады. Дабыл бойынша жедел қимылдаған ішкі істер департаменті жол-патрульдік полициясына қарасты 6-ротаның полицейлері қашып бара жатқан…

Read More
Жаңалықтар 

Мектептердегі жылыжайларда маман тапшы

Қаладағы мектеп жанынан ашылған жылыжайларға маман қажет. Ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары жыл басында тексеру жүргізіп, осындай қорытындыға келді. Жылыжайдың ішінде жылытқыш генератор орнатылғанымен, ол ауаны ғана жылытады, ал топырақтың температурасы төмен, сондықтан да еккен өнім бітік шықпайды дейді олар. Жерінің көлемі 3 соттық бұл жылыжай № 51 мектепке тиесілі. Оны жандандыруға білім бөлімі 1 миллион 431 мың теңге бөлген. Алғашқы жылдары қияр мен қызанақ егіліп, өнім алынған. Тонналап алмаса да, көкөніс мектеп асханасы мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына беріліпті. Ал № 77 мектеп-лицейіндегі жылыжайда үш жыл бойы қызанақ егілуде….

Read More
Жаңалықтар 

Қара металл қанша тұрады?

Қара металл кенінің қоры бойынша Қазақстан әлемде сегізінші орынды алады. Нақтырақ айтар болсақ, жаһандық темірдің 6 пайызы Алаш топырағынан өндіріледі екен. Бізде, тіпті, қара металды алып-сатуға бұған дейін ресми лицензиялар беріліп келген. Бірақ, былтыр шикізаттың бұл түрін елден шығаруға мараторий жарияланған болатын. Бүгінде Қазақстанның қара металлургия өндірісі ел өнеркәсібінің 12,5 пайызын құрайды. Біздегі кен орындары негізінен арқа төсіндегі Қарағанды облысында орналасқан. Қара металды өндіруші отандық алпауыт кәсіпорын — «Испат-Кармет» металлургия комбинаты. Десек те біздің облысымызда да темірден нәпақа тауып отырған кәсіпкерлер аз емес. Мәселен, Шымкенттегі Темірлан тасжолын бойлай жүрсеңіз, қара…

Read More
Спорт 

Сочи Олимпиадасының жүлдесінен шымкенттіктер де дәмелі

Оңтүстіктің үш спортшысы Сочи Олимпиадасында сынға түседі. Олар: Жібек Арапбаева, Жанбота Алдабергенова және Бағлан Іңкәрбек. Жерлестеріміздің үшеуі де фристаил-акробатикадан шеберлік танытуға тырысады. Жібек осыған дейін Ванкуверде өткен Олимпиада ойындарында тәжірибе жинақтап қайтқан болатын. Содан кейін Қазақ жерінде өткен Азиадада топты жарды. Бұл жолы да  бойжеткеннен Оңтүстік жұртшылығы жүлде күтеді. Сочиде олар ақпанның 14-і күні жарысқа шығады. Жеңіс сыйлар деген үмітпен жерлестеріміз саңлақтарға батасын беріп, Ресейге шығарып салды. Бақытжан Зиябеков, қысқы спорт түрлері мектебінің директоры: «Бұл үш спортшымыз да төрт жылдан бері түрлі жарыстарға қатысып, тәжірибе жинақтады. Оның үстіне оқу жаттығу…

Read More
Жаңалықтар 

Алғаш рет Арыс бюджетінің кірісі 1 миллиард теңгеден асты

Арыс қазынасының кіріс бөлігі қаланың тарихында алғаш рет 1 миллиард теңгеден асып жығылды. Сөйтіп, бюджет көлемі 5 миллиард 569 миллионды құраған. Сондай-ақ, былтыр 300 орындық бір мектеп пен 50 балаға арналған балабақша қолданысқа берілген. Бұл жөнінде қала әкімінің халық алдында берген есебінде мәлім болды. Сонымен қатар Арыстың жер көлемі кеңейіп, халық саны өскен. Себебі, Отырар ауданынан Қожатоғай ауылдық округі қала құрамына еніпті. Ал Ақдаладағы халықтың көкейін көптен күпті етіп жүрген жер мәселесі де шешімін тауып, үш ұжымға 267 гектар егістік алқабы берілген. Онда, тіпті, қос бірдей ірі кәсіпорын бой түзеп…

Read More
Жаңалықтар 

Бастаманы қолдаймыз!

Газетіміздің өткен нөмірінде «Бастама!» (Акция деп атағымыз жоқ) айдарымен «Олар оралған жоқ» тақырыбында соғыста қаза тапқан жауынгерлердің есімін ардақтау, есте қалдыру мақсатымыздың барын айтқанбыз. Міне, сол бастамамызды оқи сала редакцияға хабарласып жатқан оқырман көп. Алғашқылардың бірі болып «Бастамаларыңа қолдау білдіремін. Ардагерлер Кеңесі игі шараға өз көмегін аямайды» деп хабарласқан Жеңісбек ағамызға қуанып қалдық. Арғы жағын арда азамат өзі айтсын… Бастаманы қолдаймыз!   Жеңісбек МӘУЛЕНҚҰЛОВ, облыстық Ардагерлер Кеңесінің төрағасы: «Оңтүстік Рабат» газетінен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай редакция тарапынан ұйымдастырылып отырған «Олар оралған жоқ» атты бастаманың мақсат мүддесі жайлы мақаланы оқып,…

Read More