Жаңалықтар 

3 балалы ана көмекке зәру (фото)

3 балалы ана Балагүл Толыбаева не жылуы, не едені, не шатыры жоқ кішкентай лашықта өмір сүріп жатыр. Ақпанның ызғарлы күндерінде баспанасыз отбасыға көмек беруге ниеттенгендер табылыпты.  Телеарнадан екі баласымен дірдектеген ананы көріп, ондаған адам ас-ауқат, киім-кешектей көмек беріп жатыр. Жұмыс ұсынғандар да болыпты. Балагүлдің үйіне құр қол бара алмадық. Үш бірдей қаракөз бауырымызға тілшілердің базарлығын арқалай келдік. Алдымыздан ортаншы ұлы шығып, қуана қарсы алды. Балалардың қуанышында шек жоқ. Аналарының жүзіне күлкі үйріле бастаған. Салқын үйдің дастарханы молынан жайылды. Екі күннен бері үш балалы ананың телефонына дамыл жоқ. Қоңырау шалғанның барлығы…

Read More
Жаңалықтар 

Экспортты арттыру үшін өнімнің сапасы жақсаруы керек

Бүгінде 130-дан астам мемлекетпен тауар айналымын жүргізетін облысымыз 41 елге тауар экспорттайды екен. Былтырдың өзінде 1,5 миллиард теңгенің заты шетел асыпты. Бірақ, әлі де жұмысты оңтайландыру керек. Ол үшін Оңтүстіктің кәсіпкерлері өңірімізден шығатын тауарлардың сапасын жақсартуы тиіс дейді мамандар. Өнімді экспорттауда облысымыздың негізгі серіктестері — Өзбекстан, Ресей, Қытай, Қырғызстан, Германия және Нидерланды мемлекеттері. Десе де, бүгінгі таңда аталмыш елдерге тауар асыруда техникалық мәселелердің пайда болуы кәсіпкерлердің жолын байлап отырған көрінеді. Мәселен, мұндай кедергіге 30 пайыз өнімін Ресейге экспорттайтын «Ордабасы құс» фабрикасы да тап болып отыр. Осындай күрделі жайттарды талқылаған кәсіпкерлер…

Read More
Жаңалықтар 

Филармонияның есеп беру кешіне көрермен сыймай қалды

Облыстық Шәмші Қалдаяқов атындағы филармония ұжымы көрермендері алдында есептік концертін берді. Кеш Оңтүстік Циркте өтті. Ал жерлестеріміз сол баяғы әдетіне салып, өнер кешіне кешігіп келді, сол себепті кейбірі залға сыймай да қалды. Алайда бұл жәйт жергілікті өнерпаздардың өнерін ықыласпен тамашалаған көрермендердің көңіл-күйін түсірген жоқ. Киелі шаңырақтың әншілері мен күйшілері үшін бұл күн ерекше. Осы концертке дайындық та ерекше болғаны байқалады. 2 жарым сағат бойы көрерменін тәнті етіп, баурап алу бір жағынан сынақ, бір жағынан мәртебе. Оны көрермен де бағалай білген сияқты. Есеп беру кешінде залда отыратындар түгілі тұратындарға да орын…

Read More
Жаңалықтар 

«Парасат» колледжінің студенттері Жолдауды қолдайды

Елбасының биылғы жолдауындағы 15 тапсырмасы адам әлеуетін дамытуға бағытталған. Жоғары жалақы, жоғары шәкіртақы, білім берудің жаңа жүйесі — барлығы да келешек ұрпақтың болашаққа деген сенімін арттырды. Әсіресе, жастарға жігер сыйлады. Шымкенттегі Мардан Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтына қарасты «Парасат» колледжінің студенттері жігер сыйлаған жолдауға қолдау көрсетті. Колледж студенттері жолдауды қолдауға көптеп жиналды. Мұны колледж басшылығы жақсылыққа баулып отыр. Өйткені, бүгінгі жас толқын — еліміздің ертеңі. Тәуелсіздігіміздің тірегі. Сондықтан, білім алып қана қоймай, саяси-қоғамдық жұмыстарға белсене араласқаны жөн дейді колледж ұстаздары. Ержан Әлиев, «Парасат»колледжі директорының орынбасары: «Елбасымыз жастарға үлкен сенім…

Read More
Жаңалықтар 

Этно-мәдени орталықтардың жаңа ғимараты бар

  Гүлнәр Нарова, облыстық өзбек мәдени орталығы төрағасының орынбасары: «Бұрын суық ғимараттат отыратынбыз, жылу да жоқ еді. Қазір енді жаңа ғимаратта отырмыз. Қуанышымыз қойнымызға сыймай отыр. Алдында суық қыста жұмысқа келгіміз келмейтін, есігімізді құлыптап, айлап келмейтінбіз. Ал мына кабинеттер жап-жарық, компьютерлер — алдымызда, жұмысымыз да жақсы, жеңіл болып қалды.» Эльмира Жалғазиева, Сәкен Сейфуллин атындағы халықтар достығы үйі директорының орынбасары: «Ескі ғимарат қой енді. Кеңес Үкіметінен келе жатқан, біраз жыл жөндеу көрмеген. Көпшілік іс-шаралар, әкімшіліктің жиналысы болсын, КВН болсын, бәрі осы жерде өтеді. Сосын тозығы жеткен. Бірақ биыл күрделі жөндеу жұмыстары болады…

Read More
Жаңалықтар 

Қоғамдық қабылдауға Парламент депутаты қатысты

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында кезекті рет қоғамдық қабылдау өтті. Мәселелерін шеше алмай, тығырыққа тірелген жерлестеріміз арыз-шағымдарын ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Шалатай Мырзахметовке жеткізді. Бас-аяғы 15 арызданушының көбі ішкі істер қызметкерлерінің жұмысына наразылығын білдіріп жатса, кейбіреулері алаяқтардың әрекетінен опық жегенін айтуға келіпті. Гүлбахира Тасқынбайқызы бүгін ашық қабылдауға сот өкілдеріне наразылығын айтып келген. Айтуынша, екі жыл бұрын жас қыз екі бөлмелі пәтер алып беруге көмектесетінін айтып, 1 миллион 191 мың теңгесін алып, үшты-күйлі жоқ болған. Өздерін әкімшілікте жұмыс істеймін, баспананың тізімін жылжытып беремін деп таныстырған екен. Осылайша алаяқ жәбірленушінің ауылдастарын да…

Read More