Жаңалықтар 

Мұхтар Шахановтың жаңа кітабы жарық көрді

«Желтоқсан эпопеясы». Шымкенттегі «Отырар» кітапханасында қаламгер Мұхтар Шахановтың осылай аталған жаңа кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Жинақ өткен жылы желтоқсан айында Алматы қаласындағы «Достар Медиа» баспаханасында жарық көрген. Желтоқсан боздақтарының бастан өткерген қиын-қыстаулары, көтерілістері мен ерен еңбектері баяндалатын туынды бас-аяғы 900 бетті құрайды. Ал еңбекті асыға күткен оқырмандар қаламгерге кітап турасында сауалдар қоюды ұмытқан жоқ. Елінің азаттығы үшін күрескен желтоқсаншыларды жылдар бойы жазған жазушы өз шығармасының қоғамдағы шындықты суреттеуімен ерекшеленетінін айтады. Мұхтар Шаханов, ҚР Халық жазушысы: «Жүз жерден үлкен жазушы, мың жерден көкең мықты болсын, үлкен ғалым бол, мейлі, үлкен сазгер…

Read More
Жаңалықтар 

Оңтүстікте сегіз кешкі мектеп бар

Кеңес дәуірінде жұмысшы жастарға арналған кешкі мектепте әкесі мен қызы, ерлі-зайыптылар, тіпті, жасы алпысты алқымдаған азаматтар оқитын еді. Сол кезде өзінен жасы үлкен немесе түйдей құрдас болып келетін оқушыларының оқу үлгерімімен бірге тәртібін түзеймін деген оқытушылардың алдында бүгінгі таңда кім отыр? Оңтүстікте кешкі мектептер саны — 8. Соның үшеуі Шымкент қаласында орналасқан. Оның екеуі жабық, анығырақ айтқанда, түзету мекемесінде жұмыс істейді. Облыс орталығындағы №2 кешкі мектепте 450 оқушы оқиды. Олардың арасында ересектер де бар, тәртібі нашарлары да кездеседі екен. Малика Ахмедова — кешкі мектептің бітірушісі. Күндізгі мектептен өз еркімен ауысып…

Read More
Жаңалықтар 

Оңтүстікте тоқтап қалған кәсіпорын қайта жандана бастады

Кезінде ашылып, қайта жабылып қалған «Окси Текстайл» жіп иіру фабрикасы жұмысын қайта жандандырды. Қазір тоқыма кластерінің 30 пайызы іске кіріскен. Өйткені мекеме 4 миллиард теңгеге жуық қарызын қайтаруы шарт. Алайда несие сомасын қайтару бойынша әзірге нақты шешім жоқ. Ниетбек Қанаев, «Окси Текстайл» ЖШС бас директоры: «Қазақстанның даму институттарымен тамыз айына дейін келіссөз жүргізіп жатырмыз. Екі жаққа да тиімді, ортақ шешімге келеміз деп ойлаймын.» 2010 жылы «Окси Текстайлдың» алаулатып-жалаулатып ашылған салтанатты рәсіміне Елбасының өзі де қатысып еді. Жоғары сапалы мақта өнімдерін шығаратын кешенді автоматтандырылған жіп иіру фабрикасы қазақстандық шикі­затты өңдеуге бағытталған болатын.…

Read More
Жаңалықтар 

Оңтүстікте дәрі-дәрмек бағасы тұрақты

Оңтүстік Қазақстан облысында дәрі-дәрмектің бағасы тұрақты. Қаладағы бірқатар дәріханаларды аралап, бағасын саралап шыққан облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр бастаған топ осыған көз жеткізді. Шымкент қаласы Байтұрсынов көшесінде орналасқан «Зерде» және «Еврофарма» дәріханаларында болған Ербол Садыр бағаның негізсіз өсу фактісі тіркелмегеніне көз жеткізді. Облыс әкімінің орынбасары тиісті медициналық компаниялармен келісімге келіп, меморандумға қол қойылғанын айтты. Ербол Садыр, облыс әкімінің орынбасары: «Арнайы құрылған 17 жұмыс тобы бар. Облысымызда 1341 дәріхана болса облыс бойынша жұмысшы тобы күн сайын мониторинг жүргізіп отырады. Дәрі-дәрмек бағасы негізсіз өспегенін өздеріңіз көріп отырсыздар. Ең қажетті 210 дәрінің бағалары бекітілген…

Read More
Жаңалықтар 

2013 жылы ВТБ Банкінің сауданы қаржыландыру және құжаттамалық операциялары бойынша мәміле көлемі 31,9 миллиард теңгеден асты

2013 жылдың басынан бастап Банк ВТБ (Қазақстан) 31,9 млрд.теңгеден аса сомаға есеп айырысу құжаттамалық үлгілерді және сауданы қаржыландыру құралдарын пайдаланып, 2,9 мың операцияларды жүргізді. Сондай-ақ, 2012 жылдың нәтижесімен салыстырғанда, мәміле саны 2,1 есеге өсті, бұл 112 % өсуге баламалы – 2012 жылдың қорытындысы бойынша 19,3 млрд. теңге сомаға 1,4 мың операциялар жүргізілді. Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Корпоративтік бизнесті дамыту департаментінің директоры Ольга Емельянова: «Халықаралық жүйенің бар болуы ВТБ тобының ең маңызды бәсекелік артықшылығы болып табылады. Сауданы қаржыландыру бөлігінде қазақстандық еншілес Банкінің қызметтері халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік береді. Мәміле көлемінің…

Read More
Жаңалықтар 

«Астананы» екі пеш жылытады

Жылқы жылының ақпаны ызғарлы басталып, адам тұрмақ, жан-жануарларды да әбігерге салды. Шымкент зообағының мекендеушілері қаһарлы қыста қалай күнелтіп жатқанын білмекке аталмыш хайуанаттар бағына бардық. Шымкент зообағында фаунаның 185 түрлі өкілі бар. Олардың жалпы саны – 1600. Теңбіл бұғы, лама сынды тұяқты жануарлар, жергілікті фаунаның құстары сырттағы торлы орындарда ұсталады. Олар біздегі ауа райына бейімделген. Қыс мезгілін оңай өткереді. -15-20 градус аязда да өздерін жақсы сезінеді, денсаулықтарына мұндай суықтан қауіп төнбейді. Торда өздерін ашық табиғатта жүргендей сезінуі үшін тор іші соған сәйкес жасақталады. Жерге ағаш бөренелер тастап, қамыстан ықтасындар жасалады.  Экзотикалық…

Read More