Жаңалықтар 

Жастар Ауған соғысының ардагерлерімен кездесті

Шымкенттегі жоғарғы оқу орнының студенттері Ауған соғысының ардагерлерімен кездесті. «Ерлік даңқы өшпейді» тақырыбы аясында өрбіген шарада кеш кейіпкерлері жастарға бастан өткерген қиын-қыстау оқиғаларын айтып берді. «Шымкент жастары» мекемесі қолға алған бастамада сол бір жылдардан сыр шертер бейнероликтер де ұсынылды. Айта кетейік, Ауғанстан соғысына Қазақстаннан 22 269 жауынгер аттанса, оның 768-і — Шымкенттің сарбаздары. Әнуарбек Тоғаев, ауған соғысының ардагері: «Мен Ауған соғысына 1987 жылы бардым. Ауған тілін үйрену үшін Ташкенттегі арнаулы оқу орнында 1 жыл оқыдым. Осылайша 32 жасында майданның ортасынан бір-ақ шықтым. Сол кезде полиция қызметкері, аға лейтенант қызметін атқардым.…

Read More
Жаңалықтар 

Шыны жасау саласындағы алғашқы көрме

Заманауи шыны өндіріп, оны сәулет құрылысында пайдаланып жүрген ресейлік компания халықаралық көрменің төрінен орын алған. Өздерінің тауарларын таныстырып, тұтынушыларды қызықтыруда. Соңғы үлгідегі шынының сан қыры бар. Оны өндіру технологиясы да оңай емес. Десе де тәжірибесімен бөлісуді жөн санапты. Андрей Рыбин, ресейлік компанияның өкілі: «Бізідң шынылар жазда күн көзінен сақтаса, қыстыгүні жылуды жібермейді. Бұл шыныны кәдімгі әйнекпен салыстыруға болмайды. Біздің өнім үйіңізге жылулық сыйлайды.» Шыны өнімдерін шығару саласындағы алғашқы мамандандырылған көрмеге неміс, француз, ресей және украиндық үздік өндірістік компаниялардың өкілдері қатысты. Өнімдері сан түрлі. Оларды өндіру технлогиялары да сан қырлы. Дегенмен,…

Read More
Жаңалықтар 

Назарбаев зияткерлік мектептеріне — 1 жыл

Биыл Назарбаев зияткерлік мектептерінің құрылғанына 1 жыл толды. Осыған орай қаламыздағы білім ұясының ұжымы қолөнер көрмесін ұйымдастырды. Көздің жауын алар жүздеген туындыларды шәкірттер бірнеше айдың ішінде жасаған. Шебер оқушылар жасаған қылқобыз, ұлттық киімдер мен көркем гүлдер әлемі сынды еңбектері ерекшенеледі. Қаракөз Әбдірахманова, Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры: «Бір жылдың ішінде мектеп ұжымы көптеген қиындықтарды бастан өткерді. Біраз кемшіліктер де болды. Кадр жетіспеушілігі деген сияқты… Ал қазіргі кезде біздің оқушылардың бағдарламаны игеру дәрежесі басқа мектептермен теңестірілді. Оқушыларымыз көптеген жетістіктерге жетті. Сонымен  қатар ұстаздар да айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп жүр. Оқушылардың білімге деген…

Read More
Жаңалықтар 

«Петро Қазақстанда» Ауған соғысының 12 ардагері қызмет етеді

Биыл Ауған соғысының аяқталғанына 25 жыл толды. Айта кетейік, 10 жыл бойы соғыстан көз ашпаған Кеңес әскері 1989 жылдың 15-ақпанында геосаяси кордонға айналған Ауғанстаннан шығарылған еді. Ауған соғысы — КСРО қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. Бүгінгі таңда Қазақ елінде он мыңға жуық Ауған ардагерлері бар. Олардың 3000 — айы мүгедектер қатарында. Соның екі жарым мыңға жуығы біздің облыста тұрады. Он екі ардагер «Петро Қазақстан Продакшн» ЖШС-інде қызмет етуде. Таяуда аталған серіктестік ардагерлерді еске алу шарасын ұйымдастырды. Салтанатты шара барысында ұйымдастырушылар серіктестікте қызмет…

Read More
Спорт 

Шымкенттің ушу-саньдадан өз патшайымы бар

Жібек Тұрғынбаева — «Ушу-саньда патшайымы» атағына ие болған жалғыз шымкенттік бойжеткен. Ол қатарластарынан үздік екенін тағы да дәлелдеді. Бұл жолы жерлесіміз Каспий жағалауында өткен ел чемпионатында топты жарды. Ушу-саньдадан Қазақстан чемпионаты Ақтауда өткен болатын. Спорттың бұл түрінен бағын сынау мақсатында джиткундомен айналысатын жеткіншектер де Батыс Қазақстанға  жол тартқан еді. Нәтижесінде Ұлболсын Байзақова 52 келідегі спортшылар арасында алтыннан алқа тақты. Ал Нұрсұлтан Қарашбаев 45 келіде 2-орынды қанағат тұтты. Қажымұқан Бұрханов та жүлделі қайтты. Бапкер Бекзат Жалеловтың шәкірті Жібек енді әлем чемпионатына дайындалуда. Әрине, ең алдымен қаражат табу керек. «Ағалар көмектеседі деген…

Read More
Жаңалықтар 

Темірбек Жүргенов жайында фильм түсірілді

Шымкенттіктер қазақ халқының мәдениет ағартушысы Темірбек Жүргенов туралы фильмді алғашқылардың бірі болып тамашалады. Режиссер Қалила Умаровтың деректі фильмі облыстық саяси-қуғын құрбандарының мұражайында көрсетілді. Кинолентаға баға берушілер арасында зиялы қауым өкілдері мен Жүргеновтың ұрпақтары да болды. Темірбек Жүргеновты білмейтін қазақ жоқ. Жүргенов — есімі тек Алаш жұртына ғана емес, иісі түркі жұртына мәлім, Орта Азия мен Қазақстанға ортақ тұлға, аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, қаламы қарымды сыншы-көсемсөз иесі. Ол туралы деректі фильмнің де негізгі желісі тұлғаның тұнық келбетін суреттейді. Қалила Омаров, режиссер: «1936 жылы Мәскеуде өткен Қазақстанның 10 күндік мәдени іс-шарасында Сталиннің көзіне…

Read More