Жаңалықтар 

Құрылыс заттары да қымбаттады

Шымкенттегі құрылыс базарларында адам аяғы аз. Құрылыс маусымы басталғалы тұрған шақта бұл құбылыс түсініксіз. Сатушылар мұны бағадағы өзгерістермен байланыстырады — құрылыс материалдарының құны қымбаттап үлгерген. Феруза Ферметова, сатушы: «Баға көтерілді. Мәселен, ламинат 1000-1200 теңгеге сатылуда. Доллар қымбаттаған күннен бастап қымбаттады.» Нұрболат Құрманбаев, сатушы: «Құрылыс материалдарын Қытайдан, Ташкенттен алып келіп жатырмыз. Ол жақтың тауарлары доллар бағамына байланысты қымбаттады.» Құрылыс заттары құнының көтерілуі тұтынушылардың қалтасына ауыртпалық салғаны даусыз. Базарға келгендердің сөзі осыған саяды. Марат Байдуллаев  тұтынушы: «Шпенгелеттер баяғыда 170-180 теңге еді. Қазір 250 теңгеден алдық. Шегелер 250-300 теңге тұратын. Қазір 400 теңгеден…

Read More
Спорт 

Шымкенттің үздік баскетболшы-оқушысы анықталды

Боксшы Фарух Шаназаровты еске алуға арналған облыстық турнир биыл да №8 гимназияның спорт залында өтті.  Бұл баскетбол жарысы осымен тоғызыншы рет ұйымдастырылып отыр. Кезекті рет жарысқа келген қонақтар былғары қолғап шеберін еске алып, оның ізбасарларына сәттілік тіледі. Бұл жолы бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов пен бокстан әлем чемпионы Біржан Жақыпов та жеткіншектерді қолдауға арнайы келген. Облыстық турнирге биыл 8 команда қатысты. Олардың арасында Қарабұлақ пен Сайрамның спортшылары да бар. Алғашқы ойында осы екі команда өзара мықтыны анықтап, сайрамдықтар 24:14 есебімен жеңіске жетті.  Ал алаң қожайындары өткен жылы чемпион атанған…

Read More
Халық жаңалығы 

Баға көтерілсе, хабарласыңыз

Қала аумағында ең қажетті әлеуметтік азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында Шымкент әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы «Алаш», «Көктем», «Қазыбек», «Айна» және Қырғы базарларында 1-сұрыпты ұнның келісін 50 теңге, қанттың келісі 115-125 теңге, картоптың келісі 55 теңге және пияз келісі 25-35 теңгеден сатуға жағдай жасауда. Егер осы жергілікті тауардығ қымбат сатылғанын анықтаған жағдайда 55-00-07, 54-85-06 сенім телефондарына хабарласуға болады.   Бұған қоса қала әкімдігінің ұйымдастыруымен Әл-Фараби алаңында және Жібек жолы көшесінде әр аптаның сенбі, жексенбі күндері жәрмеңке ұйымдастырылады. Облыс аумағында бағаны тұрақтандыру мақсатында арнайы штаб құрылып, азық-түлік, дәрі-дәрмек және жанар-жағармай бағаларының негізсіз көтерілуінің алдын…

Read More
Жаңалықтар 

Сырдария тасуы мүмкін

Сырдариядағы су деңгейі көтерілуі мүмкін. Алдағы тәуліктерде республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысындағы өзендерде су деңгейінің ауытқуы байқалады. Сондай-ақ, Шардара су қоймасынан босатылатын су көлемі артуы мүмкін. Айта кетейік, қазірдің өзінде Қызылорда облысында 40 шақты үй су астында қалды. Қызылорда облысындағы Жайылма ауылында 40 шақты үй су астында қалды. Қазір ондағы тұрғындар қауіпсіз аймаққа көшірілген. Сондай-ақ, Жаңақорған кентін де су басу қаупі бар. Жыл сайын жергілікті тұрғындарды әбігерге салатын Сырдария өзенінің тентек мінезіне биыл қар мен жаңбыр қосылды. Қаратаудан еріп аққан қар суы көшелерді көлге айналдырды. Аудан орталығындағы көшелер мен қора-қопсыны су…

Read More
Халық жаңалығы 

Шардараға ұшақпен қатынаймыз

Шардара ауданында туризмді дамытуға 254 гектар жер бөлінді. Көп ұзамай Шардара су қоймасының жағалауында демалыс орындары бой көтермек. Оңтүстікке оң өзгеріс әкелетін ауқымды жобаның құрылысы облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің төрағалығымен өткен жиында талқыланды. Аудан әкімі Қ.Айтөреевтің 2013 жылдың қорытындысы бойынша есеп беру жиынына қатысқан облыс басшысы шардаралықтармен кездесіп, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдаған еді. Асқар Исабекұлы тұрғындардың талап-тілектерін сараптап, мерзімі жеткен екі мәселе бойынша тиісті сала басшыларын жинады. Егер жүзеге асса, туризм Шардараның негізгі табыс көзінің біріне айналмақ. Бұл саланы өркендетуге су қоймасының жағалауы сұранып-ақ тұр. Аудан басшысы туризмді дамыту арқылы…

Read More
Жаңалықтар 

Қалдықтар қайта өңделеді

Өндірістік қалдықтарды өңдеп, кәдеге жарату — қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі. Мәселен, Шымкент қаласындағы қорғасын зауыты мен «Южполиметалл», «Шымкентфосфор» АҚ-ның өндірістік іс-әрекетінің нәтижесінде пайда болған қалдықтардың жалпы көлемі 3265,4 мың тоннаны құрайды. Осы өндірістік қалдықтарды тиімді пайдаға жарату мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаментінің мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің мамандары арнайы жоба жасады. Яғни, ондағы қалдықтар қажетті шикізат ретінде «Састөбецемент», «Шымкентцемент» және «Стандартцемент» ЖШС-нің өндірісіне пайдаланылуда екен. Қазіргі таңда өзге де ірі кәсіпорындар өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу ісіне ерекше көңіл бөліп келеді. Мысалы, мұнай өндірісімен айналысатын «ПетроҚазақстан Продактс Ойл» ЖШС өз…

Read More