Жаңалықтар 

Күн күрт жылынса, су тасуы мүмкін

Оңтүстікте күн күрт жылыса немесе мол жауын-шашын жауса, үлкен табиғи су көздерінің маңындағы елдімекендерге су басу қаупі төнуі мүмкін. Қазіргі уақытта Төлеби, Түлкібас аудандарының таулы аумақтарын, Бәйдібек ауданының Боралдай елді мекенінің жоғарғы жағын және Одаман бұлақ асуын, сондай-ақ, Созақ ауданының Таскөмірсай асуын толығымен қар басқан. Ал Бәйдібек ауданының Шаян елдімекені мен Созақ ауданының аумағында қар мүлдем аз. Сырдария өзенінде, Отырар ауданының Маяқұм елдімекенінен бастап Балтакөл елдімекеніне дейін өзеннің арнасында толығымен мұз қатқан. Ал Сырдария өзеніндегі жағдай тұрақты. Дегенмен, облыстың таулы аймақтарда қардың көп болуына байланысты су тасу қаупі әлі сейілген жоқ….

Read More
Жаңалықтар 

Пара берген де, пара алған да ұсталды

Тағы да пара беру! Бұл жолы қаржы полициясының қызметкерлері параны бергенді де, алғанды да құрыққа түсіріп отыр. Үстіміздегі жылдың 19-ақпанында «Қызғалдақ» бөбекжайының меңгерушісі мен Оңтүстік Қазақстан облысыл бойынша тексеру комисясының бас маманы параға байланысты қолға түсті.  Бас маман балабақшаға тексеріс жүргізіп барып, балабақша меңгерушісінен оңды шешім шығау үшін пара талап еткен. Қаржы полициясының қызметкерлері пара бергеді де алғанды да ілмекке іліп алды.

Read More
Оқыс оқиға 

Қарыз ақша үшін екі отбасын қырып салды

Шымкентте қарыз ақша үшін екі отбасы мүшелерін өлтірген қаніпезер құрықталды. Қанды оқиға 26-ақпан күні кешкі уақытта Қабанбай батыр көшесі бойындағы үйлердің бірінде орын алған. Көршілері айқай-шуды естіп, 102 нөмірі бойынша кезекшілерге хабар береді.  Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары пәтердің бұзып кіргенде 3 азаматтың мәйітінің үстінен шығады. Ал төртінші жәбірленушінің денесі өзінің үйінде табылыпты. Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде осы қылмысқа қатысты азамат көп ұзамай ұсталған. Ол 1974 жылы туылған Ордабасы ауданының тұрғыны болып шықты. Тергеу кезінде сезіктінің бұған дейін сотты болғаны анықталып отыр. Қаніпезердің қолынан қаза тапқандар — ағайынды екі жігіт…

Read More
Жаңалықтар 

Мектеп оқушылары директорға хат жазады

Енді оқушылар мектеп директорына хат жаза алады. Шымкенттегі №8 гимназия оқушыларының жаңаша әдіске көшкеніне көп болған жоқ. Жәшікке түскен хаттар апта бойы жинақталады. Соңында мектептің белсенді оқушылары мен директоры Шолпан Асылбекқызы жазылған ұсыныс-тілекті талдайды. Оқушылардың бірі хатта мектеп бағдарламасын тез меңгеру жолын сұраса, екіншісі көшбасшы болудың құпиясын іздеген. Айта кетейік, хатта оқушының аты-жөні көрсетілмейді. Жансая Пернеқұлова, оқушы: «Шынымды айтсам, бұл жәшіктің бізге берер пайдасы мол. Айта алмай жүрген өтініш-тілектерімізді еркін жазамыз. Сабақ дұрыс өтпеген жағдайда да, директорымызға ашық хат жолдаймыз. Маған бұл бастама ұнады.» Бұл жаңалық оқушы мен мектеп ұжымы арасындағы…

Read More
Жаңалықтар 

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды еңбекке қамту форумы өтті

Шымкенттегі конгресс орталығында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды еңбекпен қамту мәселесіне арналған жұмыс берушілердің облыстық форуымы өтті. Онда барлық жұмыс берушілерге арналған үндеу қабылданды. Сонымен қатар 1-наурыздан басталғалы отырған «Бәріміз біргеміз, мықты болсын іргеміз» акциясы аясында тағдыр тәлкегіне ұшыраған азаматтарды жұмыспен қамту ісі күшейетіні айтылды. Яғни өңіріміздегі 30 мыңнан астам орта және ірі кәсіпорындары бір-бір мүгедек жанды жұмысқа қабылдап, қамқорлыққа алмақ. Бұл бастаманы облысымыздағы кәсіпкерлер бір ауыздан қолдады. Ал министр ханым Оңтүстікте өткен форумды өзге өңірлерге үлгі болуы керек деген пікір айтты. Сондай-ақ, кәсіпкерлердің үндеуін еліміздегі  340 мыңнан астам кәсіпорын ұжымдары қолдауы қажет…

Read More
Жаңалықтар 

Шымкентте бір күнде жүзден аса мүгедек жан жұмыс тапты

Шымкентте алғашқы рет ұйымдастырылып отырған жәрмеңкеге 107 кәсіпорын қатысты.  Олар келушілерге мыңға жуық бос орын ұсынды.  Жалпы, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 106 мыңнан астам мүгедек жан бар. Оның 70 мыңы экономикалық белсенді жастағылар саналады. 27 мыңы еңбек етуге жарамды саналады. Түрлі себептермен мүмкіндігі шектелген бұл жандардың 959-ында мұғалім, 480-інде медицина қызметкері және 844-інде жеңіл өнеркәсіп саласының маманы деген дипломдары бар. Жұмыс берушілер білімі сәйкес келгендерін жұмысқа алуға дайынбыз деп белсеніп отыр. Мұхтар Әшірбаев, «Отау строй» ЖШС кадр бөлімінің басшысы: «Біз мүмкіндігі шектеулі жандарға жұмыс беруге дайынбыз. Ол кісілердің еңбек етуге…

Read More