«Петро Қазақстанда» Ауған соғысының 12 ардагері қызмет етеді

388
серіктестікте 12 ардагер қызмет етеді

Биыл Ауған соғысының аяқталғанына 25 жыл толды. Айта кетейік, 10 жыл бойы соғыстан көз ашпаған Кеңес әскері 1989 жылдың 15-ақпанында геосаяси кордонға айналған Ауғанстаннан шығарылған еді. Ауған соғысы — КСРО қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. Бүгінгі таңда Қазақ елінде он мыңға жуық Ауған ардагерлері бар. Олардың 3000 — айы мүгедектер қатарында. Соның екі жарым мыңға жуығы біздің облыста тұрады.

серіктестікте 12 ардагер қызмет етеді

Он екі ардагер «Петро Қазақстан Продакшн» ЖШС-інде қызмет етуде. Таяуда аталған серіктестік ардагерлерді еске алу шарасын ұйымдастырды. Салтанатты шара барысында ұйымдастырушылар серіктестікте қызмет ететін Ауған соғысының ардагерлеріне естелік медальдар табыс етті.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=FWtCj4ZHp6c[/youtube]

Жыл өткен сайын ел үшін етігімен су кешкен ерлердің қатары сиреп келеді. Сондықтан оларға құрмет көрсету – жас ұрпақтың міндеті. Кеш барысында ерлік иелері болашақ жас ұрпақты қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бейбіт заманды, ел тәуелсіздігін қадір тұтуға үгіттеді. Отанын қорғауға, үлкенге құрмет көрсетуге шақырды. Қан майданнан аман-есен оралған аға ұрпақ сұрапыл соғыс күндерінен естеліктер айтып тарқасты.