2013 жылдың басынан бастап Банк ВТБ (Қазақстан) 31,9 млрд.теңгеден аса сомаға есеп айырысу құжаттамалық үлгілерді және сауданы қаржыландыру құралдарын пайдаланып, 2,9 мың операцияларды жүргізді. Сондай-ақ, 2012 жылдың нәтижесімен салыстырғанда, мәміле саны 2,1 есеге өсті, бұл 112 % өсуге баламалы – 2012 жылдың қорытындысы бойынша 19,3 млрд. теңге сомаға 1,4 мың операциялар жүргізілді.
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Корпоративтік бизнесті дамыту департаментінің директоры Ольга Емельянова: «Халықаралық жүйенің бар болуы ВТБ тобының ең маңызды бәсекелік артықшылығы болып табылады. Сауданы қаржыландыру бөлігінде қазақстандық еншілес Банкінің қызметтері халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік береді. Мәміле көлемінің өсу серпіні корпоративтік клиенттерге банк өнімдерін белсенді сатылуын және ВТБ тобының компания қызметтерін кросс-сатылуын ескертеді».
Банк ВТБ (Қазақстан) барлық банк кепілдіктер мен аккредитивтерінің түрлерін, сонымен қатар шетел банктерін және даму банктерін тартып, сауда қаржыландыруын ұйымдастыру бойынша күрделі құрылымдау мәмілелерді пайдалана отырып, құжаттамалық операцияларды ұсынып транзакциялық бизнесті белсенді дамытады.
Әртүрлі инфрақұрылымдарының құрылуымен және ірі жобаларды іске асырылуымен байланысты келісімшарттар бойынша міндеттемелерді орындау кепілдігі, бұдан әрі кедендік және тендерлік алғытөлемдерді қайтару кепілдігі ең талап етілген өнімдер болып табылады.
Анықтама:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – бұл ірі ресейлік Банк ВТБ ААҚ 100% еншілес банкісі
ҚР ҚБА 22.05.2009 жылғы № 1.1.259 лицензиясы.
Банкке Standard & Poor’s агенттігінен «BBB-» деңгейдегі «Тұрақты» болжам халықаралық рейтингі ұсынылды, бұл оның оң және тұрақты қаржылық жағдайын куәландырады.
Банк ВТБ (Қазақстан) филиал желілері 17 қалада орналасқан, және 24 сату орындары бар. Банк ВТБ және оның еншілес компаниялары ресей және шетел нарығында өз қызметін жүргізетін халықаралық қаржы тобын ұйымдастырады.
ВТБ Тобы – бұл 20 ТМД, Еуропа, Азия және Африка елдерінде 30 астам банк және қаржылық компаниялары бар. ВТБ негізгі акционері — Ресей Федерациясының Үкіметі (60,9 %).