Құтырған иттер көбейіп барады. Күн сайын Шымкенттегі ветеринариялық бөлімге тұрғындардан 20-ға жуық шағым түседі. Ол мамандардың айтуынша, көше кезген иттердің көбінің иесі бар. Емханаға ит тістеді деп келгендер де мұны растап отыр.
«Асар» шағынауданының тұрғыны Ербол Мыңбосынды сабақтан қайтап бара жатқан кезінде ит қауып алыпты. Енді ол дәрігерлерге әлі үш рет барып, егу жасатуы тиіс. Себебі, сонда ғана құтыру дертінің алдын алуға болады.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=jyR4cloP3mI[/youtube]
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=XEesdrg4kAo[/youtube]
Соңғы кезде балалар мен үлкендерді қапқан иттердің көбінің иесі бар, яғни, кәдімгі үй иттері. Егер адам тістеген ит көше кезген қаңғыбас төбет болса, науқас үздіксіз дәрігердің қадағалауында болуы тиіс. Дәрігерлердің мәліметіне сүйенсек, биылғы жылдың қаңтар айының өзінде 300-ден астам адамды ит тістеген. Адамға шапқан үй жануарының көбісі — үйде жүрген иттер.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=fWELYnazetk[/youtube]
Қазір Шымкентте ит аулайтын арнайы топ жұмыс істеп жүр. Олардың жұмысы күнде қауырт. Шымкентте қазір күн сайын 6 бригада 100 ден астам итті аулайды. Жыл соңына дейін 20 мыңнан ит-мысықтың көзін жоюды жоспарлап қойыпты. Мысалы, бір бригада арнайы дәрімен 5-6 итті атады. Осы жұмыстарға биыл қала қазынасынан қыруар қаржы — 31 миллион теңге қаралған.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=B_0ciGNy4OE[/youtube]
Ең өкініштісі — иелері өз иттерін байламай жүр. Содан құтырған жануарлар көшеден өтіп бара жатқан адамға шабады. Жалпы, ит бағуды ұнататындар төрт аяқты жануарды күтіп ұстау ережесін білуі тиіс. Дер кезінде тамақтандырып, емдетіп отырса, мұндай жағдай азаяр еді дейді сала мамандары.