Баға тізгінделді. Дегенмен…

Тұтынушылар құқы қалай қорғалып жатыр? Жыл сайын тарифтердің негізді, негізсіз өсуі қарапайым халықтың қалтасына айтарлықтай салмақ салуда. Айталық, Сіз бен біздің табысымыздың айтарлықтай бөлігін ай сайын қағып алып отыратын – коммуналдық қызметтердің төлемі. Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау агенттiгi ОҚО бойынша департаменті мамандары бағаның өсу динамикасы Үкiметтiң «Шектi тарифтер» туралы қаулысына сай жүргізіліп отырғанын алға тартады. Бұл қаулының басты мақсаты – тұтынушыны үнемшілдікке үйретуде жатса керек. Онсыз да сарқылып бара жатқан табиғи қуат көздерiн сақтау үшiн ысырапқа жол бермеу қажет дейді. Дегенмен, үкіметтегілер коммуналдық қызметтің тарифі жазға дейін өзгермейтінін айтып сендіруде. Сонымен…

08-008

 

Айтпақшы…

2024 жылға қарай Қазақстанда газ тапшылығы орын алуы мүмкін. Бұл туралы басқа емес, еліміздің Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалиннің өзі айтты. Министрдің айтуынша, газды қайта өндіру ауқымы мөлшерден тым артып кеткен. Ол шамамен игерілетін көгілдір отынның 30 пайызын құрайды. Оның үстіне республикамызда шығатын газдың 90 пайызы – ілеспе газ көрінеді. Үкімет бұдан былай газ сатып алудың дифференциялды бағасын ендіруді жоспарлап отыр. Ол әр облыс үшін жеке қойылмақ. Бұл ішкі нарықтағы газ бағасын реттеуге мүмкіндік береді дейді шенеуніктер.

08-005

Билет

Девальвациядан кейінгі абыр-сабырды тиімді пайдаланып үлгергендер бар. Халық дүрлігіп жатқанда, есіктерін тарс жауып құнды қалауынша өзгерткен. Енді әуе билеттері қымбаттады. Екі күннен бері «Эйр Астана» халықаралық бағыттағы рейстерінің бағасын 10 пайызға дейін көтеріп үлгерген. 

1-қаңтардан бастап «Жолаушыларды тасымалдау» АҚ мен «Қала маңына тасымалдау» АҚ-ның жолаушыларды теміржолмен тасымалдау тарифтері қымбаттады. Жолаушыларды теміржолмен облыстар арасына және халықаралық тасымалдау «Жолаушыларды тасымалдау» АҚ-ның бүкіл үлгідегі вагондары үшін 7% қымбаттайды. «Қала маңына тасымалдау» АҚ вагондары үшін де 7%. Бұл шешім компаниялардың ақталмайтын шығынын төмендету мақсатында қабылданып отырған көрінеді. Бағаны өзгертуге жолаушылар шаруашылығының қажеттілігі үшін сатып алынатын отын-энергетикалық ресурстардың елеулі қымбаттауы, қатты отын, судың қымбаттауы (7%), вокзал шаруашылығы қызметінің (орташа алғанда 13%), вагондарды күрделі жөндеуден өткізу құнының артуы (орташа алғанда 48%), депо жөндеу жұмыстарының (7%) қымбаттауы себеп болған. Аталған факторларды ескере келе, табиғи монополияларды реттеу агенттігі тарифтерді қымбаттатуды негізді деп шешіпті.

«Эйр Астана» халықаралық бағыттағы рейстерінің бағасын 10 пайызға дейін көтеріп үлгерген. 

Жолаушыларды теміржолмен тасымалдау тарифтері 7 пайызға қымбаттады.

08-007

Бензин

Теңге бағамының өзгеруi елімізде жанар-жағармай бағасына әсер етпейдi. Дегенмен, Аи-95 пен Аи-96 бензиндерiнiң бағасы көтерiлуi ықтимал. Бұл ҚР Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрi Ерболат Досаевтың мәлімдемесі. Баға нарқы Brent маркалы мұнайдың бағасына байлаулы тұр екен. Ол төмендесе, баға да түсуi керек. Көтерiлсе, бензин құны да жоғарыламақ. Шетелден әкелiнетiн бензиндер, Аи-95,Аи-96 жанар-жағармай бағасы өзгеруі мүмкін екен.

Автокөлік

Ұсталған, орта санаттағы көліктің бағасы Шымкентте – 1 млн 870 мың теңге, су жаңаларының құны – 3 миллион 120 мың теңге нарқында.

08-004

Баспана

Баспана бағасы тұрақтайды. Осыдан бірнеше ай бұрын мұны Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Болатбек Қуандықовтың өзі айтқан еді. Агенттік пен бірнеше мемлекеттік орган баспана бабын шешудің оңтайлы жолын қарастырып, жан-жақты зерттеп жатыр деген ол құрылыс материалдарының саны есептеліп, қатталып, қажетсіз шығындар қысқарады деген. Сонымен қатар құрылыс өнімдерін жеткізу ісі айтарлықтай бақыланып, құрылыс компаниялары арасындағы делдарлардың басы артық жұмысы жойылатынын тілге тиек еткен. «Жіті бақылау баспана бағасының арзандауына септігін тигізеді», – деп сендірген агенттік басшысы. Аты дардай шенеуніктің бұл мәлімдемесі далада қалды. Осы аптада «BI GROUP» құрылыс компаниясы тұрғын үй бағасын бірден 10%-ға көтеріп жіберді. Алпауыт компания тұрғын үй бағасын 10 пайызға көтеріп жіберді. Алдағы бір жарым, екі ай ішінде тағы он пайызға көтерілуі мүмкін. Жалғыз «BI GROUP» емес, өзге компаниялар да шаршы метрлердің бағасына үстеме қосады. Мұны құрылысшылар қауымдастығының төрағасы қызметін қатар алып жүрген Айдын Рахымбаев та растап отыр.

Жылжымайтын мүлік құны

Оңтүстік Қазақстан облысында жаңа тұрғын үйлерді сату (бір шаршы метр) 195 952 — 221 729 теңге

Көркейтілген тұрғын үйлерді алып-сату (бір шаршы метр) 127 878 — 128 624 теңге.

08-006

Жолақы

Доллардың қымбаттауы қоғамдық көліктердің қызметтік құнына әсер етпейді. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ербол Садыр кешегі аптада көлік компанияларының иелерімен кездесіп, бағаны тұрақты ұстап тұруды тапсырды. Онымен қоса, қандай да бір заңсыз қадамдарды байқаған жағдайда халықты жедел облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына хабарласуын өтінді. 

Мақпал РЫСБАЕВА