Баға көтерілсе, хабарласыңыз

302
баға бақылауда болады

Қала аумағында ең қажетті әлеуметтік азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында Шымкент әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы «Алаш», «Көктем», «Қазыбек», «Айна» және Қырғы базарларында 1-сұрыпты ұнның келісін 50 теңге, қанттың келісі 115-125 теңге, картоптың келісі 55 теңге және пияз келісі 25-35 теңгеден сатуға жағдай жасауда. Егер осы жергілікті тауардығ қымбат сатылғанын анықтаған жағдайда 55-00-07, 54-85-06 сенім телефондарына хабарласуға болады.

 

баға бақылауда болады
баға бақылауда болады

Бұған қоса қала әкімдігінің ұйымдастыруымен Әл-Фараби алаңында және Жібек жолы көшесінде әр аптаның сенбі, жексенбі күндері жәрмеңке ұйымдастырылады. Облыс аумағында бағаны тұрақтандыру мақсатында арнайы штаб құрылып, азық-түлік, дәрі-дәрмек және жанар-жағармай бағаларының негізсіз көтерілуінің алдын алу мақсатында тәулік бойы арнайы сенім телефондары жұмыс істейді. Бағаның ырықсыз кеткенін байқасаңыздар, мына телефон нөмірлеріне хабарласуларыңызға болады: 55-00-08, 55-00-07, 30-11-39, 8-702-477-63-90, 8-777-878-88-78