Генетикалық скрининг – маңызды сараптама

Осы уақытқа дейін аталмыш тексеруді тек қана облыстық №1 перинаталдық орталықта ғана жасатуға болатын еді
Осы уақытқа дейін аталмыш тексеруді тек қана облыстық №1 перинаталдық орталықта ғана жасатуға болатын еді
Осы уақытқа дейін аталмыш тексеруді тек қана облыстық №1 перинаталдық орталықта ғана жасатуға болатын еді

Бүгінде кез келген жүкті әйел диспансерлік бақылауға тұрғаннан кейін генетикалық скринингтен өтуге міндетті. Құрсақтағы балада Даун, Эдвардс синдромы сынды күрделі хромосомалық ауытқулар, басқа да сырқаттардың болу қаупі қандай деңгейде екендігін айқындайтын қан сараптамасы кейде әйелдерді сары уайымға салып қоятыны бар.

Осы уақытқа дейін аталмыш тексеруді тек қана облыстық №1 перинаталдық орталықта ғана жасатуға болатын еді. Биылдан бастап мұндай қызмет түрі Нұрсәттегі олыстық №4 перинаталдық орталықта да ашылып отыр. Мамандардың айтуынша, бірінші биохимиялық скрининг – жүктіліктің 10-13 апта аралығында жүр­гі­зіледі. Екіншісі – 16-20 апта аралығында өтеді. Бұ­дан бөлек, Денсаулық сақ­тау министрлігінің бұй­рығы бойынша, аяғы ауыр әйелдер үш рет ультрады­быс­тық скринингтен өтуі керек екен. Оның біріншісі — ал­ғашқы триместрде, яғ­ни, жүктіліктің 10-14 апта­­сында, екіншісі – 19-20 апта аралығында, үшін­ші­сі – 32-34 аптада жүргізіле­ді. Бұлардың ішін­дегі ма­­ңыздысы – екін­ші триместр­дегі ультрадыбыстық тексе­ру. Мұнда іштегі шара­наның жағдайы, мүшелері­нің қа­лыптасып дамуы 22 пара­метр бойын­ша тексе­ріледі. Егер баланың дамуында қан­дай да бір күрделі кемістігі барын бір УДЗ-дәрігері ға­на емес, басқа да мамандар нақ­тыласа, онда мәселе дәрі­герлік кеңес беру ко­мис­сиясында қаралады. Бұдан кейін құрсақтағы бала­ның жағдайы туралы ата-анасына хабарлап, мән-жайды егжей-тегжейлі түсін­діріледі. Айта кетейік, жүктілік кезіндегі барлық зерттеулер мен сараптамалар ақысыз, яғни тегін жасалады.

Мақпал РЫСБАЕВА