Оңтүстікте күн күрт жылыса немесе мол жауын-шашын жауса, үлкен табиғи су көздерінің маңындағы елдімекендерге су басу қаупі төнуі мүмкін. Қазіргі уақытта Төлеби, Түлкібас аудандарының таулы аумақтарын, Бәйдібек ауданының Боралдай елді мекенінің жоғарғы жағын және Одаман бұлақ асуын, сондай-ақ, Созақ ауданының Таскөмірсай асуын толығымен қар басқан. Ал Бәйдібек ауданының Шаян елдімекені мен Созақ ауданының аумағында қар мүлдем аз.
Сырдария өзенінде, Отырар ауданының Маяқұм елдімекенінен бастап Балтакөл елдімекеніне дейін өзеннің арнасында толығымен мұз қатқан. Ал Сырдария өзеніндегі жағдай тұрақты. Дегенмен, облыстың таулы аймақтарда қардың көп болуына байланысты су тасу қаупі әлі сейілген жоқ.
Ауа райы күрт жылынып, жауын-шашын орын алған жағдайда облыстың барлық аудандарында, әсіресе Түлкібас, Төлеби, Бәйдібек, Созақ аудандары мен Түркістан қаласының кейбір елдімекендерінде еріген қар суынан қауіп төнуі ықтимал. Қазіргі таңда су тасқынының алдын алуға қатысты күнделікті қадағалау жасалып, алдын алу іс-шаралары аудан, қала, ауыл әкімдіктерімен бірге жүргізілуде.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=L208nfGdL_g[/youtube]