Оңтүстік Қазақстан облысының тәртіп сақшылары мешітте ұрлық жасап келген 18 жасар бозбаланы ұстады. Қаңтар айының соңында Шымкент қалалық ішкі істер басқармасына қарасты Әл Фараби полиция бөліміне бірнеше тұрғын шағымданып келеді. Олар мешітте намаз оқып отырған сәттерінде белгісіз біреудің ақша, ұялы телефондары мен өзге де бағалы заттарын ұрлап кеткенін айтқан.
Ұрының әрекетінен зардап шеккендердің бірі — 40 жастағы азаматтың айтуынша, мешітке кіріп, намаз оқып шыққан соң күртесінің қалтасында тұрған 300 мың теңге ақшасы мен құны 90 мың теңге болатын «Самсунг» маркалы ұялы телефонының жоқ екенін байқаған. Арада бірнеше күн өткен соң тағы үш шымкенттік полиция шағымданып келіпті. Олардың да ақшалары мен ұялы телефондарын мешітте біреу ұрлап кетіпті.
Осы шағымдар негізінде шұғыл іздестіру шараларын жүргізген Әл Фараби полиция бөлімінің қызметкерлері 1996 жылы туылған шымкенттік тұрғынды қолға түсірді. Тергеу барысында сезіктінің 10 ұрлыққа қатысы бар екені анықталған. Ол тек мешіттерде ғана емес, аялдамаларда да арам ойын іске асырып келіпті. Қазіргі кезде тергеу амалдары жалғасуда.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=9P21BEfPK_s[/youtube]