Облыс әкімдігінің инспекторлары халықпен кездесуде

253
Әл-Фараби ауданы әкімдігіндегі қабылдауға 2 адам келді

Облыс әкімінің өкімі мен облыстық әкімшілік инспекторлары айына 2 рет қоғамдық қабылдау өткізуі тиіс. Мұндағы мақсат — халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, мәселесін шешуге ықпал ету. Кезекті қабылдау Әл-Фараби аудандық әкімдігінде өтті.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=F3lthjeptJo[/youtube]

Яхия Халходжаев — «Тұран» шағынауданындағы көше төрағасы. Ол 5 жылдан бері ауызсусыз отырған тұрандықтардың аманатын арқалап, талай табалдырықты тоздырыпты. Ендігі үміті осы қабылдаудан болып тұр.

Яхия Халходжаев, «Тұран» шағынауданының тұрғыны: «Халық бес жылдан бері ауызсусыз отыр. 4-5 жыл бұрын судың бір цистернасы 500 теңге еді, бүгінгі таңда 2500 теңгеге қымбаттап кеткен. Оны қалтасы көтеретіні де бар, көтермейтіні де бар.»

Әл-Фараби ауданы әкімдігіндегі қабылдауға 2 адам келді

Төлеев Талғат, ОҚО әкімдігінің инспекторы: «Әл -Фараби ауданының әкім орынбасары «Тұран» шағынауданының ауызсумен қамтылуы биыл шешіледі» деп отыр. Жобалық-сметалық құжаттар дайын. Биылғы жылғы сметаға енген. Конкурс арқылы мердігер анықталып, биыл жұмыстың атқарылуы күтілуде.»

Қабылдауға келген тұрғындар негізінен жер, пәтер алу, заңдастыру сыңды мәселелерді алға тартты. Оларды шешу үшін жергілікті жерде түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз дейді инспектор. Айта кететіні, инспекторлар биылдан бастап қабылдауларын жоспарға сай тек аудан-қала орталықтарында ғана емес, сондай-ақ, елдімекендердің өздерінде де өткізеді. Әр айдың басында және соңында өтетін қабылдаудың орны мен уақыты басылым беттерінде жарияланады.