Обыр дерті «жасарып» барады

465
аты жаман ауру балаларға үйір
аты жаман ауру балаларға үйір

Оңтүстікте қатерлі ісік ауруына шалдыққандардың саны артып отыр. Мамандар «Аайда болған ісікті ерте кезеңде анықтаса, обырдың алдын алуға болады дейді. Мысалы, қазір еліміздегі барлық ауруханаларда тегін скринигтер жүргізіледі. Яғни сүт безі, жатыр мойыны, тоқ ішек пен тік ішекке тексеру жасалады.

аты жаман ауру балаларға үйір

Бүгінде 150 орынға шақталған деспансерде 13 мыңға жуық науқас есепте тұр. Мамандардың сөзіне сүйенсек, мұнда күніне 500 -ге жуық адам келеді екен. Осылайша, ауруханада былтырғы жылдың өзінде 62 882 науқас қаралса, соның 2268-інде індет анықталып, есепке алынған.

Гүлбахрам Қожаққызы, жоғары санатты дәрігер-онколог: «Негізінде дәрігерлер бұл ауруды 4 сатыға бөліп қарастырады. І-ІІ сатыда анықталып, ем қабылданса, науқастың 95 пайызының жазылып кетуге мүмкіндігі бар.  Ал өткізіп алып, ІІІ-IV сатыда қаралса онда өте кеш. Мұндай жағдайда дәрігерлер науқастың ауруын жеңілдетіп, өмірін ұзартуға күш салады.»

 

Мамандар, әсіресе, аты жаман аурудың жасарып бара жатқанынан алаңдаулы. Осы ретте ОҚО денсаулық сақтау департаменті өткен жылдың қазан айында облыстық балалар клиникалық ауруханасы базасында онкогематология бөлімін ашуды жөн көріпті. Онда 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер жатқылызады. Мамандардың сөзінше, мұнда әзірге тек диагноз қоюмен шектеледі екен.  Ал дерті анықталған науқас еліміздің орталық қалаларына жібереді.

Айта кетейік, әзірге заманауи технологиялар республика бойынша тек біздің облыстық онкологиялық аурулар диспансерінде ғана қолданылады. Жақында онкогематология бөлімі де заманауи медициналық жабдықтармен толығады. Бұл, Алла жазса, балалардың қатерлі ісік ауруын емдеу біздің өңірде де қолға алынады деген сөз. Сондықтан, шетелден ем іздегенше, бойдағы дертті дендетпей тұрып, жергілікті дәрігерлердің тексеруінен өтіп алған жөн.