«Парасат» колледжінің студенттері Жолдауды қолдайды

634
"Парасат" колледжінің ұжымы

Елбасының биылғы жолдауындағы 15 тапсырмасы адам әлеуетін дамытуға бағытталған. Жоғары жалақы, жоғары шәкіртақы, білім берудің жаңа жүйесі — барлығы да келешек ұрпақтың болашаққа деген сенімін арттырды. Әсіресе, жастарға жігер сыйлады. Шымкенттегі Мардан Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтына қарасты «Парасат» колледжінің студенттері жігер сыйлаған жолдауға қолдау көрсетті.

"Парасат" колледжінің ұжымы
«Парасат» колледжінің ұжымы

Колледж студенттері жолдауды қолдауға көптеп жиналды. Мұны колледж басшылығы жақсылыққа баулып отыр. Өйткені, бүгінгі жас толқын — еліміздің ертеңі. Тәуелсіздігіміздің тірегі. Сондықтан, білім алып қана қоймай, саяси-қоғамдық жұмыстарға белсене араласқаны жөн дейді колледж ұстаздары.

Ержан Әлиев, «Парасат»колледжі директорының орынбасары: «Елбасымыз жастарға үлкен сенім артып отыр. «Қазақстан — 2050″ стратегиясын жүзеге асыруда жастар белсенділік танытса, алға қойған мақсаттарға жетеміз деп ойлаймын.»

"Парасат"колледжінің студенттері
Жолдауды қолдайтын студенттер

Жиын барысында білім саласын дамыту тақырыбы да талқыға түсті. Оқытушылар мен студенттер Президентіміздің дуальді оқыту жүйесін дамытып, техникалық мамандықтарды көбейту керек деген ұсынысын қолдайды. Оны жүзеге асыру үшін жаңа жүйені жатсынбай, Оңтүстікте бірінші болып көшкендерін алға тартты.

Гүлмира Оспанова, «Парасат» колледжінің әдіскері: «Биыл дуальді оқыту жүйесіне көштік. Студенттеріміз бірінші болып бастауыш сыныпты оқыту және қонақ үйде қызмет көрсету мамандығын үйреніп жатыр. Олар теория мен тәжірибені ұштастырып, өз мамандықтарының қыр-сырын меңгеруде.»

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Q0F-83L9j70[/youtube]

Сондай-ақ, студенттер шәкіртақының көтерілетінін естіп, марқайып қалғандарын жасырмайды. Бұл жақсы оқитын студенттердің санын арттырады, оқуға деген ынтасын жоғарылатыды дейді колледж шәкірттері.

Осылайша Елбасының биылғы жолдауын талқылаған колледж ұжымы бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ үшін еңбек етіп, «Мәңгілік елді» бірге құруға сөз байласа тарқасты.