«Журналист үшін прокуратураның есігі айқара ашық.» Осылай деген облыс прокуроры Ибрахим Иманов таяуда қалам ұстаған қауыммен емен-жарқын сұқбат ұйымдастырды. Тілшінің сауатты материал дайындауы үшін барлық жағдайды жасай аламыз деген қадағалаушы орган басшысы алдағы уақытта әріптестік байланыста жұмыс істеуге шақырды.
Сондай-ақ, әріптестеріміздің жұмысына кедергі туғызатын орган қызметкерлеріне ескерту берілетін болды. Сала мамандары қадағалаушы органда ақпаратқа қолжетімділік жіті қадағаланып отыратынын алға тартты.