Шымкент-Павлодар мұнай құбырында оқу-жаттығу өтті

438

Шымкент қаласының «Сәуле» шағынауданының аумағында мұнай құбыры жарылды. Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдай департаменті мен «Қазтрансойл» АҚ филиалының Шымкент мұнай құбыры басқармасы біріге өткізген оқу-жаттығу жиынының желісі осылай өрбіді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=bkLCXNyAqQM[/youtube]

20140227_100836

20140227_100725

Құтқарушылар алдымен жарылыс орын алған аумақты қоршап, жақын маңдағы тұрғындарды қауіпсіз жерге көшірді. Бұл — құтқару жұмыстарының алғышарттары. Әрі қарай білікті мамандар заманауи құралдардың көмегімен апатты ауыздықтап, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетті.

20140227_101837

20140227_102035

20140227_101341

20140227_101426

Ерік Сарыбаев, Шымкент қалалық ТЖБ бастығының орынбасары: «Оқу-жаттығуға ТЖД өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі, медициналық апат орталығы, шұғыл құтқару жасағы қатысып отыр. Сонымен қатар жедел жәрдем бригадасы мен ішкі істер департаментінің қызметкерлері де қатысты. Кейінгі кездерде қорғаныс министрлігінің жасақтарын да қатыстыру мәселесі қаралуда.»

20140227_101301

20140227_101318

Оқу-жаттығу жиындарының «Сәуле» шағынауданында өтуі бекер емес. Өйткені, мұнай құбырының техникалық қауіпті аймағы 50 метр болса, мұндағы тұрғын үйлерді салуда ол заңдылық сақталмаған. «Қазығұрт» пен «Құрсай» шағынаудандарын қосқанда құбырдың қала аумағынан өтетін ұзындығы 7 шақырымды құрайды. Қазір оны шаһар сыртына шығару мәселесі қаралуда екен.

20140227_101650

Пернебек Жанай, «Қазтрансойл» АҚ Шымкент мұнай құбырының бас инженері:  «Қаланың шетімен алып өтетін жерлерде мәселелер болып тұр. Сол мәселелердің барлығын облыстық әкімшіліктің және қалалық әкімшіліктің көмегімен шешіп жатырмыз. Ол да таяуда шешіледі деген үміттеміз. Егер шешілетін болса, мына жердегі мұнай құбырын басқа жаққа алып кетіп, жоба бойынша 14 шақырым жерге орнатамыз.»

20140227_101354

20140227_101053

Сонау 1983 жылы Шымқаладағы мұнай өңдеу зауытына тартылған құбыр әр 5 жылда техникалық тексеруден өтетін көрінеді. Соған қарамастан сақтық шараларына тиянақты қарайтын құзырлы мекемелер бүгінгі жаттығу жиынына 20 шақты техника мен 50-ге жуық мамандарды жұмылдырды. Мұндағы мақсат — «Жаман айтпай, жақсы жоқ», құбыр жарылысы болған жағдайда өзара бірлесіп құтқару жұмыстарын пысықтау.