Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына премьер-министр кеңсесінің бас инспекторы Сәтбаев Рыскелді Ахметқалиұлы келді. Сапар барысында ол орталықтың және кәсіпкерлік мектебінің жұмысымен танысты. Сондай-ақ, «Жұмыспен қамту — 2020 жол картасы» бағдарламасының 2-бағыты арқылы қолдау тапқан 50-ге жуық кәсіпкерлер өндірген өнімдердің көрмесіне қатысты.
Кездесу соңында Рыскелді Ахметқалиұлы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жемісті жұмысына оң баға беріп, орталық қызметкерлеріне сәттілік тіледі.