АҚШ доллардың қымбаттауы қоғамдық көліктердің қызметтік құнына әсер етпейді. Облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр көлік компанияларының иелерімен өткен кездесуде осылай деді. Қала ішінде қандай да бір заңсыз қадам болған жағдайда тұрғындардың жедел облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына хабарласуын өтінді.
Бұған қоса шенеунік жерлестеріміз үшін арнайы басқарманың өтініш-тілегі жазылған парақша да қоғамдық көліктерге 1 апта ішінде ілініп қоюы қажет деп талап қойды. Айта кетейік, бұл парақшада жол жүру бағасының көтерілуі орын алған жағдайда сенім телефонына хабарласуы қажеттігі нақты жазылған.
Ербол Садыр, облыс әкімінің орынбасары: «Көлік компанияларының иелеріне айтарым, сол қоғамдық көліктерге талап жазылған парақшаны іліп қойыңыздар. Оның ішінде билеттің бағасы анық көрсетілуі керек. Егер де жекеменшік бір автокөлік жүретін болса, ол ертең қызметін қымбаттатып жіберсе, бұл заңбұзушылық болады. Ол осы сіздердің аттарыңызға зиянын тигізуі мүмкін. Қазір мониторинг жасалады. Бұл мониторинг барысында сіздердің де құқықтарыңызды қорғау мәселесін де қарап жатырмыз.»
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Lv7dzoD5j5s[/youtube]