Шыны жасау саласындағы алғашқы көрме

732
халықаралық көрме

Заманауи шыны өндіріп, оны сәулет құрылысында пайдаланып жүрген ресейлік компания халықаралық көрменің төрінен орын алған. Өздерінің тауарларын таныстырып, тұтынушыларды қызықтыруда. Соңғы үлгідегі шынының сан қыры бар. Оны өндіру технологиясы да оңай емес. Десе де тәжірибесімен бөлісуді жөн санапты.

халықаралық көрме

Андрей Рыбин, ресейлік компанияның өкілі: «Бізідң шынылар жазда күн көзінен сақтаса, қыстыгүні жылуды жібермейді. Бұл шыныны кәдімгі әйнекпен салыстыруға болмайды. Біздің өнім үйіңізге жылулық сыйлайды.»

көрме барысы

Шыны өнімдерін шығару саласындағы алғашқы мамандандырылған көрмеге неміс, француз, ресей және украиндық үздік өндірістік компаниялардың өкілдері қатысты. Өнімдері сан түрлі. Оларды өндіру технлогиялары да сан қырлы. Дегенмен, мақсаттары бір — заманауи үлгіде шыны өндіріп қана қоймай, сәулетті құрылыстарға пайдалану. Көрмеде отандық өнімдер де шет қалмады. Тұтынушылар өзіміздің өнімді жоғары бағалап, біздің өнімнің де ешкімнен кем емес екенін байқапты.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=0lcX3z2mGXo[/youtube]

Зұлхайнар Қожамқұлов:  «Мұның барлығы Қазақстанда шығарылып жатыр. Шымкентте, Алматыда бар. Біз де шетелге шығып, шыныларымызды көрсетіп, мақтана аламыз.»

конференция аясында бизнес-семинарлар өтті
Конференция аясында бизнес-семинар өтті

Шараның негізгі үйымдастырушысы — «Шымкент инновация» және «Фирма Дана» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері. «Фирма Дана» — облыстағы индустриалдық аймақта орналасқан, сәулет саласында қолдануға арналған шыны өнімдерін шығаратын зауыт. «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму» бағдарламасы аясында 350 миллион теңге бөлінген. «Заманауи шыны өндіру, оны сәулет құрылысында қолдану және оның энергия үнемдеудегі мүмкіншіліктері» тақырыбында халықаралық конференция өткізіп, В2В үлгісінде келіссөздер жүргізуді көздепті.