Төтеншеліктер түсіндірме жұмыстарын жүргізуде

594

Облыс бойынша көмірқышқыл газынан улану оқиғасы тыйылмай отыр. Таяуда осындай қайғылы жағдайдың салдарынан екі азамат көз жұмған. Сол сияқты өрт те өршіп барады.

Былтырғымен салыстырғанда тілсіз жаудың құрбандарының саны артқан. Осындай оқыс оқиғалардың алдын алу үшін қалалық төтенше жағдай басқармасының мамандары рейд жұмыстарын ұйымдастырды. Олар қаланың сыртқы шағынаудандарын аралап, тұрғындарымен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қолдарына ескерту қағаздары мен кітапшалар таратып, өрттің алдын-алудың жолдарын үйретті.

Рейд барысында тұрғындардың өтінішімен үйлерін жылыту құралдары, пештері тексерілді. Әсіресе, көгілдір отынмен жылытылатын қазандықтарды ауыстырғанда не орнатқанда арнайы мамандарға тексертіп алудың қажет екені тағы да бір рет пысықталды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=cSvIVYAPiIo[/youtube]