Заңсыз орналасқан аялдама

403
Ю.Гагарин көшесінің бойындағы аялдама

«Аялдамада автобус күтуден қалдық!» Қаламыздағы Юрий Гагарин көшесінің тұрғындары осылай деп шағымданып отыр. Айтуларынша, соңғы 2 жылдың ішінде аялдамадағы дүңгіршекке көше қаңғыбастары жайғасқан. Күні бойы ішімдікке сылқия мас болатын топ кешке айқайлап, көше тұрғындарының мазасын алатын көрінеді. Осы аялдама мектеп жолында орналасқандықтан, оқушылар мектепке жалғыз барудан қорқады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=PDX_2_GQqcU[/youtube]

Жергілікті тұрғындар бұл мәселе жайында осы аялдамаға қарсы бетте орналасқан аудандық учаскелік бөлімге талай рет айтыпты. Бірақ нәтиже болмаған. Бүгін біздің түсірілім тобы осы аялдамаға тұрғындар шақыртуымен арнайы барғанда қаңғыбастар жоқ болып шықты. Бірақ дүңгіршекте маңында шашылған күл-қоқыс жатыр.

Ю.Гагарин көшесінің бойындағы аялдама

Қаныбек Жұмабеков, қала тұрғыны: «Аялдаманың қазіргі жағдайын айтудың өзі ұят қой. Мынау не масқара?! Қыс бойы қаңғыбастардың панасы болды. Олар бұл жерде не істемеді?! Жан-жақтың бәрін шашып тастады. Қазір күн жылынған соң, кейде көрінбей қалады. Кейде қайтадан балаларды шошытып жүреді. Бұлай қашанға дейін жалғаспақ?!»

Ал қалалық жер қатынастары бөлімі басшылығының сөзіне сенсек, бұл аялдама 2003 жылы жеке кәсіпкердің қолына өткен. Бірақ талапқа сай ережені сақтамай, тұрғындар арыз түскен соң 2012 жылы арадағы келісім-шартты үзуге тура келіпті. Бұған қоса мамандар осы көшесінің бойындағы аялдаманы заңсыз деп тауып отыр.

Аялдамадағы дүңгіршектің іші күл-қоқысқа толған

Ербол Ахметов, жер қатынастары бөлімінің басшысы:» Ол аялдама заңсыз тұр. Оның жұмыс жасауына құқы жоқ. Жәй ғана мемлекет меншігінде тұрған жер. Енді әділет басқармасы оның жер аумағын жарамсыз деп тапқан соң ол жерде қатысты сотқа талап-арыз берілетін болады. Әзірге белгілі болғаны — енді бұл аялдама жеке кәсіпкерлерге берілмейді. Және ол жерге басқа аялдама орнатылады.»

Айта кетейік, бір ғана Шымкент қаласында 100-ден астам аядамажекенің меншігінде.