Шымкентте жүргізушілердің жалған куәлігін сатқан азамат анықталды. Абай аудандық прокуратура қызметкерлері жүргізген тексеру барысында 23 жастағы сезікті ұсталды. Оны құрыққа түсіруге жалған куәлікті сатып алғандардың бірі көмектескен.
Тәртіп сақшыларының құрығына жалған құжатпен іліккен азамат құқық қорғаушыларға көмек береді. Осылайша жалған куәлік сататын азамат жол полициясы басқармасы ғимаратының дәл қасынан ұсталды. Ол бір куәлікті 4000 теңгеге сатып келген екен. Қолға түскен соң сезікті жалған құжатты жасамайтынын, тек сатумен айналысатынын алға тартты.
Бұл мәселемен прокурорлар жыл басында Шымкентте жалған куәлікпен көлік басқарып жүрген азамат ұсталған соң айналыса бастады. Нәтижесінде тек жалған құжат сатушы ғана емес, жүргізуші құқығынан айрылғанына қарамастан, жалған куәлікпен көлік басқарып жүргендердің де бар екені анықталған. Қазіргі таңда осындай заң бұзушылыққа жол берген 17 жүргізуші анықталып, олардың үстінен қылмыстық іс қозғалған. Ал жалған куәлікті сатқан азаматтың кінәсі дәлелденсе, ол жылға дейін абақтыға жабылуы мүмкін.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=D-eX7bJgxgE[/youtube]