Жаңалықтар 

Жаңаталап Шымкенттің аумағына өтті

Жаңа бас жоспарға сәйкес, Шымкент қаласының аумағына Жаңаталап ауыл округінен 5 елдімекен өтті. Енді жергілікті жұрт тез арада тисті құжаттарын рәсімдеуі қажет. Уақыт оздырып алса, әлеуметтік төлемдерден қағылуы мүмкін. Абай ауданының әкімі тұрғындармен кездесіп, бас жоспарға байланысты туындап отырған басқа мәселелерді ортаға салды.

Жаңаталаптың 17 мыңға жуық халқы бар
Жаңаталаптың 17 мыңға жуық халқы бар

Мұнда проблема шаш-етектен. Жаңа құжаттарды рәсімдеу науқаны пәтер жалдап тұрушыларды тіпті тығырыққа тіреп тастады. «Шиеттей бала-шағамен қайда барып, есепке тұрарымызды білмеймыз» дейді олар. Сондай-ақ, мұнда көптеген елдімекендер әлі күнге дейін жекенің меншігіндегі қымбат жарықты тұтынуға мәжбүр. Ал баға қызметтің сапасына сай болмай тұр. Қуат тарататын құрылғылар қараусыз қалып, кейбірі, тіпті, істен шыққан. Тұрғындар, әсіресе, қоршаусыз тұрған трансформаторлардан қауіптенеді.

Жаңаталаптан орталыққа қазір жалғыз ғана қоғамдық көлік қатынайды. Ал 17 мыңға жуық тұрғыны бар елдімекенге бұл аздық етеді. Көп күттіретін Газельдер кешкі мезгілде тіпті қарасын батырады.

Алдағы уақытта құжаты рәсімделмеген мүлік иелері де әуре-сарсаңға түскелі тұр. Жаңаталап аумағындағы ауыл шаруашылығына бөлінген жер телімдеріне қайсыбір пысықайлар баспана тұрғызып алған. Рұқсат етілмеген аумақта бүгінде 500-ге тарта отбасы тұрады. Не керек, қырық түрлі қиындықтпен қырыққа жуық ауыл қалаға өтпек. Басқасын айтпағанда, құжаттама жұмыстарының өзі жаңа қалалықтарды әлі қажытатын түрі бар.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz